ҰЛЫ ДАЛА тарихы
147
шыққан тайпаларға тиесілі. «Түрік тілдерінің сөздігі» және «Шежірелер жинағы»
шығармаларында болса, көптеген түрк-моңғол тайпалары туралы мәліметтер
болуымен бірге, екі шығармада да 20-дан астам оғыз тайпаларының таңбалары
ұсынылған.
Аты аталған жазба шығармаларда бір тайпаға тиесілі таңбалардың кейде
түрлі пішінде бедерленуі, шамамен оларды сызған шеберлердің өмір сүрген
ортасы және қолданған жазу құралдарымен байланысты болуы тиіс. Осылайша,
қытай жазу жүйесінде қолданылған жазу құралының, сондай-ақ Қытай
иероглифтерінің жазылу мәнері қытайлық шеберлердің ескі түрк таңбаларын
бедерлеген кезде әсер еткен болу мүмкіндігі
210
секілді, Махмұд Қашқаридың жазу
құралдары және араб әліпбиінің жазу мәнері таңбалардың бедерленуіне ықпал
еткендігі ойландырады. Тиын соққанда қолданылған техникалық әдістердің де
бұған ұқсас айырмашылықтарға әсер етеді.
Таңбаларды қандай материалдың бетіне бедерлегені де олардың түрлі
айырмашылықтарға ие болуына жол ашты. Яғни тас, металл, қыш, қағаз,
тері, ағаш, жануар мүсіндеріне және басқаларға таңба бейнесі бедерленген
кезде сондай бір айырмашылықтар, негізгі бейнеден біраз өзгешелік секілді
жағдайларды тудырады. Билеушілердің тікелей бастамасымен басылған
таңбалардың көркемдікпен тегіс бедерленгендігі (Күлтегін, Тоныкөк, Шинэ-
Ус, Тариат, Тез бітіктастары, Батыс Түрк қағандығының
тиындары), керісінше
әдетте бітіктастарда орналасқан таңбалардың түбегейлі және жаңа мәнерде
салынуы байқалады (VI сурет).
Махмұд Қашқари мен Рашид ад-диннің ұсынғандарына оғыз таңбаларында
жалпы ұқсастық болуымен бірге, белгілі бір дәрежеде айырманың көрінуі
шеберлердің этномәдени ортамен байланыстығы арқылы ашыла алады. Яғни
дәстүрлі көшпелі түрк тайпалары өмірін жақсы білген Махмұд Қашқаридың
ұсынған оғыз таңбалары Рашид ад-диннің ұсынған бұл секілді таңбаларына
қарағанда, түпнұсқасына өте жақын болып келеді. Мысалы, қайы тайпасының
таңбасы Қашқарида
пішінінде, Рашид ад-динде
, еймур тайпасының
таңбасы болса, Қашқарида , Рашид ад-динде
түрінде бейнеленген
211
.
Бұл жерде әртүрлі бедерлемелер көрінеді, бірақ мұқият бағамдағанда тағы да
таңбалардың негізгі пішіні сақталғандығы байқалады. Оғыздардың баяндүр
тайпасының таңбасы Қашқарида
, Рашид ад-динде
пішінінде
бейнеленіп, біршама басқаша таңбаланғаны секілді қабылдау қалыптастырады.
Бұған байланысты Языджыоғлының Салжұқнамасында (1436 ж.) осы тайпаға
тиесілі
пішінді таңба ұсынылады
212
. Баяндүр таңбасында да жоғарыда
көрсеткеніміздей, алғаш қарағанда біршама басқа таңбалар секілді бір әсер
210
Dobrovits,2004, P. 259.
211
Махмуд ал-Кāшгари, 1952, С. 89
212
Gülensoy, 1989, S. 63
|