Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет141/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   407
Байланысты:
udt

№14. Хазар таңбасы -  . 

Бұл  таңбаны  көне  түрк  бітіктастарында  қасар,  қытай  жылнамаларында 



кэса(қасар),  туцзюе  кэса  (хазар  түрктері),  араб,  парсы  және  басқа  тілді 

дереккөздерде хазар, қазар деп аталған түрк тайпасымен байланыстырамыз. 

Осылайша, Хазар қағандығы (630-969 жж.) тарапынан басылған араб тіліндегі 

көне тиындарда   түріндегі ру таңбасы орын алған 

288

Қазар аты да көне түркше 



қаз «қаз» және ер «адам» сөздерінен пайда болуы ықтимал. Мәлім болғандай, 

түрк тайпаларының көбінде қазірге дейін «қаздың аяғы» деп аталған

289

 бұл таңба 



белгілі бір рудың таңбасы ретінде кілем және басқа да тоқыма өнімдерінде жиі 

кездеседі. Мысалы, өзбектерде қазақы ру аты жиі кездесетіндей, осыған ұқсас 

әшекейлер кілемдерде символикалық белгі ретінде жиі қолданылатыны мәлім. 

Алтай  тауларындағы  (Моңғолия)  тастарына  салынған  таңбалар  арасында 

 нысандағы таңба да кездеседі. Ең маңыздысы, 20 көне түрк таңбасы бірге 

орналасқан аталған тастағы таңбалардың көбісі Шивээт-улаан ескерткішіндегі 

таңбаларға ұқсайды. Енисей бітіктастарында да  , 

 осы тәріздес таңбалар 

жиі кездеседі

290


. Ұйғыр қағандығы заманында Kasar / Kazar тайпалары Солтүстік 

Моңғолия  жерінде  бойлай  орналасқан.  Осы  жерлермен  шекаралас  болған 

Оңтүстік  Сібір  бітіктастарына  ұқсас  таңбалардың  болуы  шынайы  тарихи 

оқиғалармен байланысты болуы ықтимал.

Ұйғыр  қағандығының  Тес  бітіктасында  Қадыр  Қасар  тіркесі  кездеседі

291


кей  зерттеушілер  оны  қос  этноним  деп  болжайды,  ал  кейбір  зерттеушілер 

көне  түркшеде  қадыр  «айбатты»  сөзінен  шыққан,  «айбатты  қасарлар» 

мағынасын  береді  деп  болжайды

292

.  Ал  кейбір  зерттеулерге  сәйкес,  қадыр 



287

 Ekrem, 2015, S. 191

288

 Быков, 1971. С. 26, Табл. I, XI



289

 Ямаева, 2004, С. 11

290 

Васильев, 1983, C. 98, 111



291

 Комар, 2013, С. 177-179

292

 Ölmez, 2013, S. 280




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

167 


және қасар деген екі бөлек түрк тайпалары ретінде қарастырылады

293


. Алайда, 

қытай  жылнамаларында  Hedie  Hejie  (訶咥曷巀  -  xâ-d’iet  γât  dz’iet)  секілді 

бір  түрк  тайпасы  туралы  айтылғанымен  және  Ж.Р.  Гамильтон  *Adil  Xazır  деп 

қарастырғанымен

294

, бұл этнонимдер ескі түрк бітіктастарындағы Қадыр Қасар 



екендігі  анық.  Осылайша,  қытай  дереккөздеріндегі  xâ-d’iet  γât  dz’iet  (Қадыр-

Хазар) осы нұсқаға толық сай келеді. 

Қытай дереккөздерінде  Hsi-hai (Каспий) теңізінің айналасында  көрсетілген 

Tu-jüe  Ko-sa  (хазар  түрктері)  осы  және  басқа  тілдерде  жазылған  деректерде 

көрсетілгендей, 630-шы жылдары батысқа көшіп, Хазар қағандығын құрады

295



ал  бір  бөлігі  Орхон  (Моңғолия)  аймағында  қалып,  үлкен  саяси  рөл  атқарған 



Ұйғыр  қағандығының  құрамында  болады.  Қытай  дереккөздерінде  олардың 

ұйғырлардың  бір  тайпасы  ретінде  көрінуі  хазарлардың  «Ұйғыр  тайпалары 

бірлестігінің» мүшесі болғандығын көрсетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет