Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


-  . №10. Сір (Қыпшақ) таңбасы -



Pdf көрінісі
бет137/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   407
Байланысты:
udt

.

№10. Сір (Қыпшақ) таңбасы - 



.

Бұл белгіні Көктүрк бітіктастарында Түрк-Сір бұдұн «Түрктердің Сір халқы», 

қытай  жылнамаларында  сюе  «сір»,  сюе-яньто  «Сір-Тардұш»  (?)  түрлерінде 

кездесіп,  басқа  бір  атауы  қыпшақ  болған  түрк  тайпасының  таңбасы  қылып 

танығанымыз келесі дәлелдерге негізделген:

1)  Орта  ғасырлардың  соңына  тиесілі  бірқатар  жазба  деректерде  қыпшақ- 

тардың  таңбасы  ретінде  кездесетін    түрдегі  таңбамен

274


  Шивээт-улаандағы 

таңба түрі жағынан ұқсайды. Тіпті, орта ғасырлардағы түрк халықтары арасында 

тараған аңыз бойынша «қыпшақ» атауы өзі иеленген таңбаның «екі пышаққа» 

ұқсас болуы себепті пайда болған;

2) Дегенмен, «Тан хуэй яо» еңбегінде Сиели (сары / шари / сір?) тайпасының 

таңбасы  ретінде  берілген 

 

түріндегі  таңбамен



275

  Шивээт-улаандағы 



 

түріндегі таңба бір-біріне ұқсамайтындығы байқалады (

 



). Бұл таңбалар 



арасындағы  айырмашылық  олардың  қандай  жағдайда  бейнеленгендігіне 

байланысты болуы мүмкін;

3) Кейбір Орхон мен Енисей бітіктастарында басқа көне түрк таңбаларымен, 

әсіресе Көктүрк пен Ұйғыр қағандықтарының «хандық» таңбаларымен 

 

түрдегі таңбалардың бірге кездесуі бұл таңбаның көктүрктер кезеңінде ықпалды 



әрі ашиналармен туыс, яғни одақтас бір тайпасына тиесілі болғанын көрсетеді. 

Оңтүстік Сібір бітіктастарында ықпалды қырғыз тайпа таңбасы табылған жазулар 

тобында аталмыш таңбаның 

 түрінде келуі

276

 де қызығушылық тудырады.



Сір мен қыпшақ тайпа атауларының бірдей түрк тайпасын білдіруі көптеген 

дәлелдермен айғақталады

277

. Əсіресе, Күлтегін мен Білге қаған бітіктастарында 



Көктүрк  қағандығының  негізгі  тайпаларының  бірі  немесе  көктүрктерге  туыс 

тайпа  есебінде  түрк-сыр  бұдұн  сөзінің  келуі

278

,  Ұйғыр  қағандығына  тиесілі 



Ел  Етміш  Білге  қаған  (Шинэ-Ус)  бітіктасында  түрк-[қыб]чақ  елиг  олурмыш 

«түрктердің қыпшақ тайпасы елу жыл билік етті» деген сөйлемнің кездесуі

279


273


 Зуев, 1960, С. 97

274


 Aksoy, 2015, S. 428; Аманжолов, 1959, C. 17

275


 Зуев Зуев, 1960,С. 100-101, 132

276


 Васильев, 1983, C. 88; Tezcan, 2010, P. 386

277


 Еженханұлы, 2013, 140-142 б.

278


 User, 2009, S. 161

279


 Mert, 2009, S. 215-216


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

164 


қытай  жылнамаларында  сэ-яньто  (сір)  түрктерінің  VII  ғасырда  қағандық 

құрғанына  қатысты мәліметтердің  табылуы

280

  сірлердің  (қыпшақ) бұл  кезеңде 



қандай ықпалға ие болғандығын растайды. Сір атауына байланысты «бүркіт», 

«бүктемелі орын тақ» деген семантикалы сөздері қазіргі тыва, моңғол тілдерінде 

сақталғандығын кейбір ғалымдар алға тартады. 

Бұл  кезеңде  сір  түрктерінің  үлкен  бір  бөлігі  Алтай  тауларының  оңтүстік-

батысында,  Тұрпан  өлкесінің  солтүстік-шығысында  өмір  сүрсе,  бір  бөлігі 

Моңғолияда, Өтүкен жазығының солтүстігінде қоныстанған

281

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет