№14. Хазар таңбасы - .
Бұл таңбаны көне түрк бітіктастарында қасар, қытай жылнамаларында
кэса(қасар), туцзюе кэса (хазар түрктері), араб, парсы және басқа тілді
дереккөздерде хазар, қазар деп аталған түрк тайпасымен байланыстырамыз.
Осылайша, Хазар қағандығы (630-969 жж.) тарапынан басылған араб тіліндегі
көне тиындарда түріндегі ру таңбасы орын алған
288
. Қазар аты да көне түркше
қаз «қаз» және ер «адам» сөздерінен пайда болуы ықтимал. Мәлім болғандай,
түрк тайпаларының көбінде қазірге дейін «қаздың аяғы» деп аталған
289
бұл таңба
белгілі бір рудың таңбасы ретінде кілем және басқа да тоқыма өнімдерінде жиі
кездеседі. Мысалы, өзбектерде қазақы ру аты жиі кездесетіндей, осыған ұқсас
әшекейлер кілемдерде символикалық белгі ретінде жиі қолданылатыны мәлім.
Алтай тауларындағы (Моңғолия) тастарына салынған таңбалар арасында
нысандағы таңба да кездеседі. Ең маңыздысы, 20 көне түрк таңбасы бірге
орналасқан аталған тастағы таңбалардың көбісі Шивээт-улаан ескерткішіндегі
таңбаларға ұқсайды. Енисей бітіктастарында да ,
осы тәріздес таңбалар
жиі кездеседі
290
. Ұйғыр қағандығы заманында Kasar / Kazar тайпалары Солтүстік
Моңғолия жерінде бойлай орналасқан. Осы жерлермен шекаралас болған
Оңтүстік Сібір бітіктастарына ұқсас таңбалардың болуы шынайы тарихи
оқиғалармен байланысты болуы ықтимал.
Ұйғыр қағандығының Тес бітіктасында Қадыр Қасар тіркесі кездеседі
291
,
кей зерттеушілер оны қос этноним деп болжайды, ал кейбір зерттеушілер
көне түркшеде қадыр «айбатты» сөзінен шыққан, «айбатты қасарлар»
мағынасын береді деп болжайды
292
. Ал кейбір зерттеулерге сәйкес, қадыр
287
Ekrem, 2015, S. 191
288
Быков, 1971. С. 26, Табл. I, XI
289
Ямаева, 2004, С. 11
290
Васильев, 1983, C. 98, 111
291
Комар, 2013, С. 177-179
292
Ölmez, 2013, S. 280
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
167
және қасар деген екі бөлек түрк тайпалары ретінде қарастырылады
293
. Алайда,
қытай жылнамаларында Hedie Hejie (訶咥曷巀 - xâ-d’iet γât dz’iet) секілді
бір түрк тайпасы туралы айтылғанымен және Ж.Р. Гамильтон *Adil Xazır деп
қарастырғанымен
294
, бұл этнонимдер ескі түрк бітіктастарындағы Қадыр Қасар
екендігі анық. Осылайша, қытай дереккөздеріндегі xâ-d’iet γât dz’iet (Қадыр-
Хазар) осы нұсқаға толық сай келеді.
Қытай дереккөздерінде Hsi-hai (Каспий) теңізінің айналасында көрсетілген
Tu-jüe Ko-sa (хазар түрктері) осы және басқа тілдерде жазылған деректерде
көрсетілгендей, 630-шы жылдары батысқа көшіп, Хазар қағандығын құрады
295
,
ал бір бөлігі Орхон (Моңғолия) аймағында қалып, үлкен саяси рөл атқарған
Ұйғыр қағандығының құрамында болады. Қытай дереккөздерінде олардың
ұйғырлардың бір тайпасы ретінде көрінуі хазарлардың «Ұйғыр тайпалары
бірлестігінің» мүшесі болғандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |