Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Maŋgi  Tenriniŋ  küčün-te!  Uluγ  ulusnïŋ  Taluynïŋ  qan  jarlïγïmïz!



Pdf көрінісі
бет175/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   407
Байланысты:
udt

Maŋgi  Tenriniŋ  küčün-te!  Uluγ  ulusnïŋ  Taluynïŋ  qan  jarlïγïmïz!  -  Мәңгі 

Тәңірінің  күшін-де!  Ұлық  ұлыстың  «талай  үлкен  теңіздің»  ханы  жарлығымыз! 

деп  басталады.  Күйік  қағанның  жарлықты  хатындағы  төртбұрыш  мөрдің 

ортағасырлық  моңғолша  мәтіні. 



Möŋke  Teŋgeri-yin  küčün-dür!  Yeke  Moŋγol 

ulus-un dalai-yin qan-u jarliγ! El bulqa erkin-dür kürbesü, büsirtügei ! ayutuγai 

!. Қазақша мағынасы: Мәңгілік Тәңірінің күш-дүр! Ұлы Моңғол ұлысының теңіз-

(+інің)+дей ханының жарлығы! Ел, жаулар мен ерікті халыққа жетсе, бүгіліңдер, 

қорқыңдар! 

Біздің ойымызша, осы мөр Шыңғыс қағанның өзі қолданған алтын мөр мәтіні 

болуы керек. Осы жолдардағы Мәңгі, Тәңірі, күш, хан, жарлық, Ел, еркін сынды 

ортағасырлық түрк-моңғол сөздерімен қатар, Uluγ ulus> Ұлық ұлыс, Yeke Moŋγol 

ulus> Ұлы Моңғол ұлыс, taluy> талұй (көне түркше теңіз, моңғолша dalai> далай 

(теңіз,  мұхит)),  yeke>  йеке  «игі,  игі  ірі,  үлкен,  ұлық»  мағыналы  тұлғасындағы 

атаулар да дәлме-дәл сәйкесіп тұрғандығын ерекше атағанымыз абзал.

371


 Sims-Williams, 2000. – Р. 98.

372


 Трепавлов, 1993, C. 118.

373


 Pelliot, 1922-1923, Р. 3-30.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

192 


Күйік қағанның жарлықты хаты. (Өлшемі:15,4х15,7см) 

(П.Пелионың зерттеуі бойынша , Pelliot, 1923: Pl-I. )

Kөктүрк  қағандығына  байланысты  осы  тәрізді  саяси  терминдер  Орхон 

ескерткіштері, қытай жылнамалары, соғды және бактрия тіліндегі құжаттарда, 

тіпті  басқа  шығыс,  батыс  тілдерінде  жазылған  деректерде  де  қағандықты 

атайтын этникалық немесе географиялық термин ретінде қолданылған. 

Қытай жылнамаларында түрктердің тілі, жазуы, дәстүрі, заңдары мен әскери 

құрылымдары,  мемлекет  басқару  жүйесі  түгелдей  ғұндардан  жалғасқандығы 

ерекше  баяндалады.  Қытай  деректері  түрктерді  «ғұн»  деп  атаған.  «Чжоу 

кітабында»: «түрктер – ғұндардың бір тармағы. Билеуші тайпасы – Ашина. 

Олар өз алдына ұлыс құрды», - дейді

374


. Ұлы Ғұн империясының, шынында да, 

тікелей  мұрагерлері  осы  көктүрктер  еді.  Қытайдың  «Сүй  шу»  жылнамасының 

49-баянында  Ашина  тайпасы  Қытайдың  солтүстігін  мекендеген  байырғы 

ғұндардың  бір  жұрнағы  екендігі  жазылады

375

.  Келтірілген  деректерге  сүйене 



отырып, Түрк қағандығының негізін қалаушы Бұмын бастаған Ашина әулеті Ғұн 

тәңірқұттарының ұрпақтарынан таралды деп болжам жасауға болады. 

374

 Қайыркен, 2014, 7-8 бб.



375

 Салғараұлы, 1999, 314 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет