Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет191/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

209 


Жаңа ізденістер

Жібек жолы адамзатқа жаһандану дәуірінен бұрын осы үдеріске көз тастау 

мүмкіндігін  ұсынды.  Бұл  жол  экономикалық  тұрғыдан  қаншалықты  маңызды 

болса,  үн  қатысу  жағынан  да  соншалықты  маңызға  ие  болды.  Қазіргі  кездегі 

табысты  үн  қатысу  және  интеграция  жоспарлары  да  қоғамдар  мен  адамдар 

арасындағы  шекараны  жою,  басқа  мәдениеттердің  ықпалында  қалуды 

болдырмау  негізінде  жасалады.  Осы  орайда,  интеграция  жобасы  деп  те 

атауға боларлық түрк әлемі де Азия және Еуропа кеңістігі үшін маңызды рөл 

атқаратынын атап өткен жөн.

Шығыстың  жұлдызы  тағы  да  жарқырауда.  Азияның  экономикалық  даму 

жолына түскені баршаға мәлім болған шындық. Əлем экономикасының негізгі 

салмағы  өзінің  нағыз  отанында,  яғни  Шығыста  басым  болуда.  Қытай  мен 

Үндістан  жетекші  болып  отырған  Азия  экономикасы  әлем  экономикасының 

дамуының қозғаушы күшіне айналды. Азия даму банкі жүргізген зерттеулердің 

қорытындысына  сәйкес  2050  жылы  әлемдік  экономиканың  жартысынан  көбі 

Азияға тиесілі болып, біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасыр «Азия ғасыры» болады. 

Халықаралық валюта қоры және Дүниежізілік банк сынды ұйымдар 2050 жылға 

қарай  Қытай,  Үндістан,  Индонезия,  Оңтүстік  Корея,  Филиппиндер,  Пәкістан, 

Иран, Түркия секілді елдер әлемдік экономиканың қозғаушы күшіне айналады 

деп болжайды.

Дүние  жүзіндегі  теңгерімнің  едәуір  бұзылғанын  байқаған  және  Жібек 

жолының  экономикалық  және  әлеуметтік  даму  үшін  қаншалықты  маңызды 

екенін түсінген көптеген дүниежүзілік ұйымдар мен үлкен мемлекеттер әдетте 

бір-бірін толықтыратын, кейбір тұстарда бір-бірімен бәсекелесетін Жібек жолын 

дамыту стратегияларын ұсынуда. Жібек жолының транзиттік әлеуетін арттыруды 

көздейтін  немесе  осы  мақсатта  іске  асырылып  жатқан  жаңа  ізденістер  түрк 

тектес мемлекеттерді тікелей қызықтыратын жобалар деп айтуға әбден болады. 

Орталық Азияда Қазақстан мен Түрікменстан секілді елдер Шығыс-Батыс және 

солтүстік-оңтүстік  бағыттарында  түрлі  логистикалық,  тасымалдау  жобаларын 

іске  асыруда.  Түркия  болса,  Шығыс-Батыс  бағытында  түрлі  энергетика  және 

темір жол жобаларының жоспарланып, жүзеге асырылуында басты рөл атқару 

үшін ынта-жігер жұмсауда.

Жібек  жолын  жандандыру  сынды  өте  ауқымды  жобаларды  іске  асыру 

бойынша ең жоғарғы ресми деңгейлерде, мысалы ЕО, ШЫҰ, ЕЭО, АӨСШК және 

Түркі кеңесі секілді халықаралық құрылымдар түрлі мүмкіндіктерді қолға алуда 

және/немесе  жобаларды  жүзеге  асыруда.  Мысалы,  Жібек  жолын  дамытуға 

қатысты  «Жаңа  Жібек  жолы»,  «Жібек  жолының  экономикалық  белдеуі», 

«Жаңа  жібек  жолы  бастамалары»  сияқты  жобалар  іске  асырылуда.  Аталған 

жобалардан басқа, дербес түрде көзделуі тиіс ең маңызды мақсат – заманауи 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет