Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет206/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

221 


Түркі  кеңесіне  мүше  мемлекеттер  мен  үшінші  елдердің  туризм  нарықтарына 

таныстыру  шешімі  қабылданды.  Ортақ  турпакетті  таныстыруға  байланысты 

ортақ нұсқаулық дайындау бойынша да келісімге келінді. Үрдісті жүзеге асыруда 

мемлекеттік  және  жеке  сектор  арасында  ынтымақтастық  құрумен  қатар 

аймақтық және халықаралық маман ұйымдармен үйлесімді болудың маңызына 

назар аударылды. ХІІІ Халықаралық Əзербайжан Саяхат және туризм көрмесі 

барысында мүше мемлекеттердің туристік бағыттары таныстырылды. Көрмеде 

басқа мүше мемлекеттердің туризм секторының өкілдері мен медиа өкілдерінің 

қатысуымен Əзербайжанда Туристік мәлімет беру ортақ туры ұйымдастырылды.

Туризм  Жұмыс  тобының  Екінші  жиыны  және  Түркі  кеңесінің  Туризмге 

жауапты  министрлерінің  Бірінші  жиыны  2014  жылдың  10-11  сәуір  күндері 

Ыстанбұлда  жүзеге  асырылды.  Министрлер  жиынында  туризм  саласында 

ортақ  ынтымақтастық  хаттамасына  қол  қойылды.  Түркі  кеңесі  –  «Заманауи 

Жібек  жолы»  атты  ортақ  турпакетті  дайындауды  жоспарлауға  байланысты 

мүше мемлекеттердің тиісті министрлік және жеке сектор өкілдерінен тұратын 

Қызмет күшін Қазақстанның басшылығында құру шешімі қабылданды. Қызмет 

күші ортақ турпакет бағыттарын белгілеу үшін 2015 жылы мүше мемлекеттерді 

аралап көретін болады.

Министрлер  жиынында  Түркі  кеңесіне  мүше  мемлекеттердің  туризм 

саласындағы  жеке  сектордың  басты  компанияларының  өкілдерінен  тұратын 

ортақ құрылымды құруға байланысты келісімге келді. Алдағы кезеңде Түркия 

тарапынан мүше мемлекеттер үшін туризм қызмет секторында кәсіби семинар 

ұйымдастырылады. Министрлердің Екінші жиынын 2015 жылы Əзербайжанда 

өткізу жоспарлануда.

Жібек жолының негізгі артерия екендігін мемлекеттер жете түсініп, осы бағытта 

бір-бірін  толықтыратын  және/немесе  бәсекелестікке  апаратын  жобаларды 

жүзеге асыруда. Азиядағы теңізге шығатын жолы жоқ мемлекеттерде жергілікті 

көлік  желілерінің  жетілдірілуі,  бұл  елдердегі  экономикалық  іс-шаралардың 

жандандырылуы  және  әлемдік  экономикаға  интеграциясы,  жалпы  тұрғындар 

мен қоғамдар арасында тікелей байланыстардың қайтадан артуы Жібек жолын 

жаңғырту жобасының тиімді жақтары арасында орын алады.

Жібек  жолының  бойындағы  түрк  республикаларының  экономикалық, 

әлеуметтік және халықаралық байланыстарының дамуы, аймақта конструктивті 

ынтымақтастық  және  болымды  бәсекенің  артуы  тұрғысынан  өте  маңызды 

фактор.

Жақын  арадағы  тарихқа  қарағанда  тарихи  Жібек  жолының  жаңғыртылуы 

оңай  болып  көрінгенімен,  ғасырлар  бойы  жалғасқан  үлкен  өзгерістер  Жібек 

жолының шарттарын көп мөлшерде өзгертті. Тарих толқынында түрк әлемінде 

тұтастай болашаққа бағытталған маңызды жобалар мен жоспарлар жүзеге асуы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет