Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет214/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

229 


2. Марқұмның тұлғасы 

Мазар  тасында  атағы  Құтлығ-Тонга  Ұлығ-Білге  Иликхан/Иқбалхан,  аты 



Дадбек Исфехсалар б. Ілияс болған марқұмның тұлғасын тексерместен бұрын 

оның қайтыс болған кезіндегі (һ. 660/1262) Тараз және көршілес аймақтардағы 

саяси-әкімшілік жағдайға қысқаша тоқталайық.

1260  жылдары  Тараз  аймағы  Моңғол  империясы,  нақтырақ  айтсақ  оның 

бір  бөлігі  Шағатай  ұлысына  (1227-1370  жж.)  қараған.  Тараз,  Орта  Азияның  

Мауренаһр,  Қорасанның  бір  бөлігі,  Жетісу  (Оңтүстік-Шығыс  Қазақстан  – 

Қырғызстан)  мен  Шығыс  Түркістан  сынды  жерлерді  қамтыған  бұл  ұлысты 

Шыңғыс  хан  екінші  ұлы  Шағатайға  (1185-1242  жж.)  берген.  Шағатай  өзі  Іле 

өзені алабындағы Алмалық қаласы (қазіргі Алматы қаласынан шығысқа қарай 

300  км  жерде)  маңында  өмір  сүрген,  оның  мемлекетінің  әкімшілік-басқару 

істерін  бірінші  болып  Хорезм  текті  Махмұд  Ялавач  (1238  жылға  дейін),  кейін 

оның  ұлы  Масғұтбек  (1240-1289  жж.)  жүргізді

410

.  Моңғолдардың  уәзірі  болып, 



Ходжент  қаласын  (Солтүстік  Тәжікстан)  басқару  орталығы  қылып  таңдаған 

түрк әкімшілері кезеңінде моңғол хандары Орта Азияның отырықшы мәдениеті 

басым бұл бөлігінде бұдан әрі билігін жүргізе алмады. 

Орта Азияның солтүстік-шығысындағы Іле өзені алабы мен Жоңғар жазығы 

сияқты  көшпелі  өмірге  ыңғайлы  мекендерді  дұрыс  көрген  Шағатайдың  басқа 

мұрагерлері де алғашқы кезеңдегідей қала мен аймақтарды басқаруды аталған 

хорезмдік уәзірлер бақылауындағы жергілікті аймақтық билікке қалдырды. В.В. 

Бартольдтың көзқарасы бойынша моңғолдар ұзақ жылдар бойы билеген Орта 

Азияда,  әсіресе  отырықшылық  дамыған  Бұқара,  Отырар,  Ташкент,  Ходжент, 

Ферғана (орталығы Үзгент), Талас (шамасы Тараз), тіпті моңғолдардың басқару 

орталығына  өте  жақын  Алмалық  сынды  аймақтар  мен  қалаларда  жергілікті 

билеушілер  «мәліктер»  өзіне  мұраға  қалған  билігін  сақтап,  өз  тиындарын 

соқтырғандығын жеткізген

411


Шамасы  бұл  кезеңде  Тараз  аймағын  да  моңғолдарға  қарсы  болмаған, 

олардың билігін мойындаған жергілікті Қарахан әулеті басқарса керек. Осылайша 

моңғол  шапқыншылығы  қарсаңында,  яғни  1220-жылдары  Хорезмшах-

Ануштегіндер мен Наймандар билеушісі Күшлікхан (1213-1218 жж.) арасындағы 

алауыздық кезеңінде басқару аймағы Отырар – Тараз өлкелерімен шектеліп, 

аталмыш әулеттердің билігін мойындаған Қарахан әулеті билеушілері моңғол 

шапқыншылығына қарсылық көрсеткендігі жайлы жазба деректерде кездеспейді. 

Дегенмен, моңғол шапқыншылығы қарсаңында және алғашқы шағатайлықтар 

кезеңінде бұл әулеттің саяси еркі болмаса да, жергілікті тұрғындар арасындағы 

рухани әсерінің болғанын айта аламыз. Сонымен қатар көнеден келе жатқан 

экономикалық, мәдени орталық болған Тараз бұл қалыпты моңғолдар кезеңінде 

410

 ал-Каршӣ 2005, 127-128 с.



411

 Бартольд 1963, 150 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет