ҰЛЫ ДАЛА тарихы
227
وبا ناسحلا و دوجلا أشنم نامزلا متاخ ةجحب میاقلا الله رماب عداصلا مرکلاو لذبلا عبنم معنلاو لضفلا عمجم نیملاعلا ّبر
لا الله ءایلوا ّنا لاا هاشنهشلا کیب لوغوا سایلا نب رلاسهفسا کیب دواد ناخ لابقا اکلیب غلا اکلوب غلب لیامشلاو مراکملا
ةیامتسو نیّتس یلولاا دامج نم نماثلا ةعمجلا ةلیل یف ةنافو نونزحی مه لا و مهیلع فوخ
«Бұл бау ұлы билеуші, текті қолбасшы, ғалым, әділ, жомарт, қылыш
әрі қалам иесі, жомарттық пен тектілік қайнаркөзі, ақиқатты даңқтаған,
адамдарға жәрдем еткен, ғалымдардың қарнын тойдырған, әлсіздерге күш
берген, ақиқат пен діннің даңқын шығарушы, ислам мен мұсылмандардың
қорғаны, қағандардың таңдаулысы, әлемдер раббысының сүйіктісі, ерлік
пен бақыттың тоғысқан жері, жомарттық пен тектілік бастауы, тәңірі
әмірлеріне бағынған, тәңіріне арқа сүйеген, заманының шоқ жұлдызы,
жомарттық пен қайырымдылық отаны, асыл әрі жақсы қасиеттердің иесі
Балық-Бұлға Ұлығ-Білге Иқбалхан Дәуітбек Исфехсалар б. Ілияс-Ұғылбек
Шаханшахтыкі. «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі
олар қайғырмайды» (Құран Кәрім, 10:62). Ол 660 жылы жұмадүл улә жұмасының
кешінде (1262 жыл, 31 наурыз) қайтыс болды»
407
.
Біздің осы кесенеге арнайы барып
408
, қабір жазуын қайта оқуға жасаған
талпынысымыз
409
нәтижесінде В.В.Бартольдтің оқуы мен аударма тәжірибесі
негізінен дұрыс, әйтсе де оның кейбір жетіспейтін тұстары бар екендігін байқадық.
Негізінен оның ескерткіштегі арапша сөйлемдерді дұрыс айшықтауы мен көркем
аударуы назарға ілігеді. Шамасы оның қателіктері біреулердің мазар тасын
түсірген фотолардағы кемшіліктер себепті болса керек, ескерткіште жазылған
марқұмның аты, лауазымы мен тегіне қатысты талдауында қателескендігін
көреміз. Бұл ағаттық осы кесене мен ол жерде жатқан адамға қатысты басқа
зерттеушілердің де қате пікірлеріне бола орын алуы мүмкін. Себебі аты
аталған зерттеушінің бұл зерттеуінен кейін жүз жыл шамасында уақыт өткеніне
қарамастан, ескерткішті не орта ғасыр әулеттері тарихымен, не аймақ тарихымен
байланыстырған зерттеушілердің тарихи дерек ретінде қарастырмағандығы
байқалады. Араб әрпін танитын кейбір жергілікті дін қызметшілері ескерткіштегі
жазуды ішінара оқи алғандығы болса керек, кесенедегі жерленген адамның
бірқатар тұлғалық ерекшелігі, атының «Дәуітбек» болуы мәлім болып, жергілікті
жұрт кесенені «Дәуітбек кесенесі» деп атаған. Яғни, араб әліпбиінен аздаған
хабары бар біреу негізінде «Дадбек» болған атты «Дәуітбек» деп оқып, жұртқа
солай түсіндіргендігі қарастыруды қажет етеді.
В.В. Бартольдтың оқу тәжірибесіндегі келесідей қателіктер адам аты, атағы
мен тегіне байланысты екендігі көрінеді:
407
Бартольд 1966, 307.
408
Бұл мазар ескерткішімен танысуымызға көмектескен қазақстандық археолог Ералы Əкімбекке
алғыс білдіреміз.
409
Ескерткіштегі жазуларды толық оқуда септігін тигізген өзбекстандық тарихшы Андрей Кубатинге
рахмет айтқымыз келеді.