Насапнама 2013. С. 47, 56, 99-100.
Насапнама 2013. С. 116, 125, 135.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
237
Екі шежіреден байқағанымыздай, бұл жерде аттардың шатасып келуі бар.
Біріншісінде Дадбектің әкесі Санжар хан, ұлы Хасан хан десе, екіншісінде
Дадбектің әкесі лақап аты Білге хан болған Мұхаммет хан, ұлы Əбді әл-Халық хан
делінген. Бұл екеуінің қайсысы шындыққа жақын екенін білу қиын болуымен қатар,
екінші қолжазбадағы «Дәуітбек» кесенесінің мазар тасындағы мәліметтермен
белгілі бір дәрежеде сәйкес келетінін айта аламыз. Себебі бұл шежіреде
Хорезмшах Мұхаммет өлтірген Білге хан Дадбек ханның әкесі деп көрсетіліп,
ескерткіштегі «Ұғыл бек әш-Шәһид (өлтірілген) Дадбек» деген мәліметпен
айтарлықтай сәйкестікке ие. Басқа жағынан мұндай «Насапнамалардың» бірі
«Полат қожа Маменов қолжазбасында» бұл шежіренің қысқа нұсқасы «Оның
ұлы Ісмайыл, оның ұлы
Ілияс хан, оның ұлы Ахмед хан, оның ұлы Санжар хан,
оның ұлы Хасан хан, оны ұлы Мұхаммед хан, лақап аты Білге хан еді, оның ұлы
Дадбек хан, оның ұлы Әбді әл-Халық хан» түрінде келіп
437
, «Абдулла Юлдашев
қолжазбасындағы» мәліметтермен ішінара сәйкес болуы ескерерлік жайт.
Осылайша Таразда жерленген аталмыш Қарахан билеушісі Дадбек
Исфехсалар б. Ілиястың екі-үш буын бұрынғы атасы 1217 жылы Хорезмшах
өлтірген Отырардағы соңғы Қарахан билеушісі Мұхаммед Білге ханға баратыны
туралы болжам жасауға болады. Аты аталған Отырар билеушісінің ұлы
Дадбек хан б. Мұхаммед Білге ханмен «Дәуітбек» кесенесінде жатқан Дадбек
Исфехсалар б. Ілиястың атасы (немесе әкесі) Ұғыл бек әш-Шәһид Дад бек
әл-Тарази екеуі бір адам болуы әбден мүмкін. Бұл адамды да әкесі сияқты
1220-жылдары бір деректерде Хорезмшахтар өлтіріп, оның «әш-Шәһид» деген
лақап аты соған куәлік етсе керек. Негізінде басқа қарахандықтарға қатысты бұл
әулеттің басқа бір тармағы, яғни Отырар мен Тараздың билеушілері әкімшілік,
саяси тұрғыдан бір-бірімен мүлтіксіз сәйкес келіп отыр. Турасын айтқанда,
Тәңір тауының (Тянь-Шань) ең батыс баурайында орналасқан бұл екі тарихи-
мәдени аймақ географиялық тұрғыдан бір-біріне жақын, бұл жақындық көптеген
әулеттердің оларды бір әкімшілік аймақ ретінде басқаруына мүмкіндік берді. Бұл
дәстүрді жалғастырған Қарахандар кейде Таразды, кейде Отырарды басқару
орталығы ретінде таңдау арқылы аймақты билеген.
Мәселенің айқындала түсуі үшін Қарахандар мен Хорезмшах-Ануштегіндер
арасындағы қарым-қатынастарға қысқаша тоқталған жөн. 1210 жылы
Қарақытайларға қарсы Тараз да кіретін Жетісудың басым бөлігінде соғыс
жүргізген Мұхаммед Хорезмшах Хорезмге қайтар жолында соңғы Қарахан
билеушілерінің бірі, Отырар мен көршілес аймақтардың билеушісі Білге ханды
өзімен бірге ордаға әкетіп, кейін оны Неса (Ашхабад маңы) қаласына жібереді.
Сол заманның тарихшысы Нәсәуидің жазбаларына сәйкес ол Самарқанда билік
437
Насап-нама 2013, С. 145, 155, 164.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
238
жүргізген Қарахан билеушісі Ұлығ Сұлтан Османның (1202-1212 жж.) немере
ағасы болған. Оны 1217 жылы Хорезмшах өлтіргендігі көптеген деректерде
жазылған
438
.
Бартольд, Ибн әл-Асир және Жүзжанидің жазбалары бойынша Хорезмшах
Мұхаммед өлтіргендердің қатарында тек Осман мен оның немере ағасы
емес, сондай-ақ осы әулеттен шыққан бірқатар билеушілердің болғандығы
алға тартылады
439
. Оның мұндай саясат ұстануына Қарахан әулеті өкілдерінің
Хорезмшахтың билігін емес, Қарақытайлардың билігін мойындауы немесе оған
қарсы шыққандарға қолдау көрсетуі әсер етті.
Жоғарыда келтірілгендей, «Насапнамаларда» Отырардың соңғы Қарахан
билеушісі ретінде көрсетілген Білге ханның орнына Хорезмшахтар Қайырханды
тағайындауы, оның қаңлылардан шыққандығы туралы мәліметтер ол кезеңнің
деректерінде де кездеседі
440
.
Бір айта кететіні, Отырар-Тараз жазирасына жататын аталмыш
«Насапнамаларда» келген Ілияс хан, Ахмет хан, Санжар хан, Мұхаммед хан,
Әбді әл-Халық хан, Хасан хан және т.б. Қарахан билеушілерінің аты түрінде
сол кезеңнің жазба деректері мен тиындарында кездеседі. Мысалы, Фарапта
(Отырар) табылған Қарахан тиындарында атағы Құтлық Білге қаған болған
Əбді әл-Халық б. Хусейн (һ. 574 жылға дейін), сондай-ақ дәл сондай атағы
болған Хасан б. Əбді әл-Халық (һ. 596) аттары кездесетініндей, Шаш (Ташкент),
Ұстыршана, Самарқан және басқа аймақтарда табылған Қарахан тиындарында
да жоғарыда «Насапнамаларда» кездесетін есімдер жазылған
441
. Əйтсе
де, олардың тегі аталмыш шежірелердегілерге толықтай сәйкесе бермейді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, көбісі кейінгі кезеңдерде құрастырылған аталмыш
«насапнамалардағы» кейбір сәйкессіздіктер қарастыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: