Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет224/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   407
Байланысты:
udt

б. رلاسهفسا - Исфехсалар

Ескерткіште «Дадбек» атынан кейін келген «Исфехсалар» сөзі орта ғасыр 

жазба  деректерінде  «Сипахсалар»,  «Испәхсалар»  немесе  «Исфәхсалар» 

түрінде  келеді.  Мұны  басқа  жазба  деректер  дәлелдейтіндей,  жоғарыда 

«Дадбек»  тақырыпшасында  тоқталған  Қарахандар  кезеңінің  атақты  дерегі 

болған  Ахмед  Йүгінекидің  еңбегінде  Сипехсалар  түрінде  келіп,  «Дәуітбек» 

кесенесі ескерткішінде Исфехсалар түрінде кездесуі де айғақтайды.

Бұл  атақ  Иран  мен  Орта  Азия  жергілікті  әулеттері  басқару  жүйесінде 

әскербасы мағынасында жиі қолданылған. Зерттеушілер негізі парсыша болған 

бұл атақтың Қарахандар кезеңінде де қолданылып, «әскербасы» мағынасындағы 

438

 Бартольд, 1963, С. 429.



439

 Бартольд, 1963, С. 431.

440

 Бартольд, 1963, С. 465.



441

 Кочнев, 2006, С. 130-140.




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

239 


көне түркше сү басы, арапша сахибул жәйшке сәйкес келетінін айтқан

442


«Дәуітбек»  кесенесінде  жатқан  адамның  бұл  атаққа  ие  болуы  да  оның 

қолбасшы, яғни билеуші тапқа тиесілі болғандығын дәлелдейді.

в. سایلا- Ілияс

Ескерткіштегі бұл адам есімін білдіретін әріптер шоғыры «Ілияс» деп оңай 

оқылады.  Негізі  арапша  екені  мәлім  болған  Ілияс  аты  Қарахандарға  тиісті 

жазба  деректерінде  кездеспейді.  Дегенмен,  аталмыш  «Насапнамалардың» 

барлығында Қарахан билеушілерінің бірінің аты Ілияс хан түрінде келеді. Бұл 

туралы жұмысымыздың «Дадбек» тақырыпшасында қарастырғанымыздықтан, 

бұл атқа бұдан артық тоқталмаймыз. 

Ескерткіште «Ілиястан» кейін келетін сөз материалдың тозуына байланысты 

оқылмайды. Ол жерде арапша «ұлы» мағынасындағы бин (نب) сөзімен қатар, 

бөлек ат болу ықтималдығы жоғары. Егер ескерткіштегі басқа жазулар өлшемі 

мен түрін ескерсек ол жерде ең азы 5-6 әріптен тұратын адам есімі келіп, басқы 

әрпі әліп ( ا ) болу мүмкіндігі бар (қараңыз II сурет, 4). Біз бұл ат Ахмед б.(نب دمحا)  

немесе Ісмайыл б. (نب لیعامسا) түрінде  оқуға болады деп есептейміз. Егер бұл 

болжам  алдағы  уақытта  басқа  жазба  деректермен  қуатталса,  ол  адамды 

жоғарыда көрсетілгендей «Насапнамаларда» келген ... Ісмайыл хан, оның ұлы 

Ілияс хан, оның ұлы Ахмет хан, оның ұлы Санжар хан, оның ұлы 

Дадбекпен ... 

сәйкестендіру мүмкіндігі туады. Сонымен қатар аталмыш шежірелерде Қарахан 

билеушілер  аттары  берудегі  кейбір  қарама-қайшылықтарды  (анахронизм, 

қателіктер,  кейбір  аттардың  кем  немесе  артық  жазылуы,  т.с.с.)  елемеуге 

болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет