ҰЛЫ ДАЛА тарихы
293
ему путь»
503
. Сонымен қатар Сарыбелге қатысты Цяньлун императордың
Абылай сұлтанға жолдаған хатында мынадай деректер сақталған: «Ныне ваш
посол Чжолэбаласы (Жолбарыс) доложил, /что/ южной границей ваших земель
является Чжоэрго, а западной – Шалабила (Сарыбел – К.Х.), а Лабуши (Лепса)
/находится/ между ними»
504
.
Демек, жоғарыдағы деректен аңғарға нымыздай, қырғыздардың қонысына
жақын жерде орналасқан бұл Сарыбел – «Он үш бағаналы Цяньлун қартасында»
көрсетілгендей, Күрті өзенінің басталған тұсы, Кекілік тауы мен Суық төбенің
Қастек асуымен ұштасатын ай мақ тың жалпы атауы. Жер жаннаты Жеті судың
төріндегі осы аймақта жоң ғар-қалмақтарға қарсы үлкен жорық басталған.
Біз осы қастерлі мекенде жоңғарды жер жастандырған қазақтың біріккен
әскери қолының жорығы туралы сөз етпекпіз. Бұл заман туралы әйгілі Бұқар
жырау:
«Кіші қара қалмақ бүлерде,
Бұлт бұрқан болысты...
Буыршындай тіздесті,
Жамандықты іздесті», – деген ғой.
Сарыбел шайқасы уақыт тұрғысы нан дәп осы тұсқа, жоңғар мемлекеті
алауыздыққа ұшырап бытырап, Цин им пе рия сының жер қайысқан жазалаушы
ләшкері тап берген талмау тұсқа орайлас келеді. Халық жырында:
«Лабачы деген бір елді,
Анты менен улатқан.
Еренші мен Серенді,
Тозғындатып шулатқан», – деп мадақ тай ды дана Абылайды.
Халықтың Лабачы деп отырғаны Əмірсанаға басында одақтас, соңынан тақ
таласы кезінде қас дұшпаны болған бауыры, Жоңғарияның ірі көсемі Давачи
(Даваач 1753-1755 жж. билік құрған хан), ал Еренші мен Серендер белгілі
қолбасылар, тарихта болған сардарлар
505
.
Қалдан Серен (Галданцэрэн, 1727-1745 жж. билік құрған хан) қайтыс болған
соң Жоң ғария мемлекеті билікқұмар нояндар дың тақталасының құрбанына
ұшырап, ауыр бұлғаққа тап болады. Əсіресе 1753-1754 жылдардағы Жоңғар
елінде жаңа талас-тартыс қыза түседі. Қалдан Сереннің көзі жұмылған соң Бұқар
503
Валиханов, 1961, С. 654.
504
Восточная дипломатия на стыке цивилизаций (конец XIV – 70 годы XIX вв.). Сборник документов и
материалов, 2015, 136 с.
505
Восточная дипломатия на стыке цивилизаций (конец XIV – 70 годы XIX вв.). Сборник документов и
материалов, 2015, 98-99 с.
|