Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет282/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

294 


жырау айтқандай «Ханын қалмақ жаулаған, Сүйткен қалмақ оңбаған» зобалаң 

дәуір басталады. Қалдан Сереннің тұтқынында болып, ақ үйлі аманат салтымен 

қоңтайжының қызына неке қидырып, сый-сыяпатпен ішке сертті түйдіріп 1743 

жылы  босаған  Абылай  заманның  тарпы,  дүниенің  дүрбелең  дүбірін  қапысыз 

түсінетін,  түйсінетін  білікке  ие  болады.  ХVІІІ  ғасыр  бедерінде  Орта  Азияда 

Қалдан  Сереннің  ай бар-атағын  еске  салсақ,  қаһарлы  қон тай жымен  мәміле 

жасап, тағылым түйген Абылайдың да абыройы асқақтай түседі. 

Абылай ендігі жерде Жоңғариядағы әскери-саяси істерге белсенді араласып 

отырады. Көкжал Барақ, қыпшақ Қошқарбай, Қожаберген, Жарылғап батырларды 

барлауға, ұдайы алғы шепке жұмсап, өзімен одақтас, серіктес болған ірі жоңғар 

әміршілеріне жақтасып отырады. Мәселен, 1753 жылы Давачи хан сай ланғанда 

өзіне  мықты  қарсылас  бол ған  дөрбет  нояны  Немеке-Жиргалды  Абы лай дың 

көмегімен талқандайды да, оның ұлысынан 3000 адамды қазақ ханына олжаға 

береді, өзі малын бөліске салады

506



Сол  1753  жылдың  қараша  айында,  әуелінде  одақтас  болған  Давачи 



мен  Əмірсана  жауласып,  Давачи  әскер  бас тап  Əмірсанаға  қарсы  жорыққа 

шығады.  Сонда  Абылай  қазақ  әскерін  бастап  өзіне  күйеу  болған  Əмірсанаға 

көмек көрсетеді. Абылай-Əмірсана одағынан 3 мәрте жеңілген Давачи ақыры 

Тарбағатай төңірегінен Бұратала (қазіргі ҚХР, ШҰАР, Бұратала) жеріне шегінуге 

мәж бүр болады

507


. Осы кезде Омбыдағы Ресей үкіметіне жеткен мәліметтерге 

қара ғанда,  аталмыш  оқиғамен  байланыс ты  көптеген  жоңғар  тұтқындары  мен 

босқындары қазақ жеріне енген. Ал қытай тіліндегі Цин патшалық орда естелігінде 

сақталған бір деректе, 1754 жылы Абылай Əмірсанаға көмек беру үшін 50 000 

әскер бастап жорыққа шығып, Жайырдан Ілеге дейінгі жоңғар қоныстарын шап-

қан.  Онда  тұрғын  отбасы  қалмаған»  де лін  ген.  XVIII  ғасырда  құрастырылған 

«Патша  бекіткен  жоңғарларды  тыныш тан дыру  жоспарлары»  атты  қытай  мұ-

ра ғат құжаттар жинағының бірін ші кітабында 1753-1754 жылдары қазақтар дың 

Бұратала  мен  Іле  төңірегінде  әске ри  жорықтар  жүргізгендігі  туралы  бір неше 

мәрте мәлімет кездеседі

508

. Мыса лы, атал мыш дереккөздің тағы бір пара  ғын-



да қазақ Абылай мен қалмақ Батма-Церен, Еренцин 10 000 қазақ-қал мақ әс-

керін бастап Давачиге шабуыл жа сап, Бұратала сынды жерлердегі қарсы лас-

тарын түгелдей тонаған

509


. Сонда Абылай Талқы тауының шығысы арқылы әлгі 

тоналған адамдарды кері алып кеткен деп нақты мәлімет қалдырған

510

. Міне, 


506

 Сулейменов., Моисеев, 1988, 50-51 с.

507

 Абуев, 2006, 112-113 бб.



508

 Сулейменов., Моисеев, 1988, 50 с.

509

 Абуев, 2006, 116-117 бб.



510

 Қараңыз: «Документ № 34. 1755, 25 апреля (20 год правления Цяньлун, 3 луна, бинью) Доклад 

Амурсаны императору Цяньлуну о сражениях с казахов с войсками Даваци» / Восточная дипломатия 

на стыке цивилизаций (конец XIV – 70 годы XIX вв.). Сборник документов и материалов, 2015, 99-100 

бб.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет