ҰЛЫ ДАЛА тарихы
292
САРЫБЕЛ ШАЙҚАСЫ
(қытай деректері негізінде)
Отандық тарихнамада жоңғармен арпалыс кезеңі туралы жазғанда Орбұлақ
пен Аңырақай шайқасы туралы жиі айтылатыны белгілі. Солай болуы да заңды.
Дегенмен, соңғы кезде табылған деректерді ақтарып, оларды халық зердесінің
теңдессіз қазына-қоры – тарихи эпостарымызбен парықтап салыс тырғанда,
жоңғармен болған шешуші соғыстың соңғы нүктесін қойған тағы бір алапат
шайқастың орны анықталып отыр. Қалжыраған алаш қайта сілкініп қайрат-күшін
жиып, басы бір тудың астына түгел табысып, еңселі ел болуына баспалдақ
болған сондай ірі оқиғаның бірі – Сарыбел шайқасы.
Рас, Сарыбел десе қазіргі бізге Иманжүсіп ақынның:
«Абылай аспас Арқаның сары белі,
Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі»,
– деген әні естілгендей болады. Мәшһүр Жүсіп бабамыз жазып кеткен
Абылай туралы «Абылай аспас Сарыбел» деген аңыз-әңгіме тіл ұшына тағы
орала кетеді
502
. Халық қаптаған қалың жаудан азат етіп, жұртын барақатты
өмірге қауыш тырған дана ханы Абылайды ұлылық пен кемелдіктің эталоны
етеді, ол туралы аңыздың ақ самалымен көмкерген жырлар, небір кестелі сөз
орамдарын қалдырды. «Абылай аспас асу» – бұл да биіктік пен өрліктің өнегелі
өлшемі, Алаш ұрпағы үшін таймас серт пен мәрттіктің асқақ межесі.
Шыңғыстың отбасында дүниеге келіп, Шығыстың жарық жұлдызына айналған
Шоқан Уәлиханов арқылы жеткен «Абылай» туралы жырда:
«Абылайдай тақсыр хан
Айыл-тұрман тағынды.
Арғымағын оздырды,
Баяу жатқан қырғызды
Сарыбелде тоздырды»,
– деген жолдар бар. Осы тарихи жырдағы «Сарыбел» жер атауына
Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағын құрастырушылар мынадай
түсіндірме беріпті: «Сарыбель – горный проход в Киргизском Алатау, против
Қарабалты и Сокулука. По историческим преданиям Аблай с войском хотел
пройти через этот перевал на тучные джайляу Сусамыр, но киргизы преградили
502
Көпейұлы, 2006, 50-51 бб.
|