ҰЛЫ ДАЛА тарихы
326
жал ғасын тауып отырды. Алайда қа зақ тың билік жүйесі, шаруа-кәсібі, тұрмыс-
салты, ар-намысы отаршыл жүйе келгенде сетінеп, шайқала бас та ды. Осы
өзгеріске алдымен «ханда қы рық кісінің ақылы болса, биде қырық кі сінің ары
бар» дегендей, би-шешендер, ақын-жыраулар төзе алмай шамырқанып үн
қатып, «Зар заман» деп аталатын сарынмен толғаулар арнайды. Ақиық ақын
С.Сейфуллиннің тілімен айтқанда, «ес кілікті салт-санаға қамқор, күзет бол ған»
би лерге жаңа низамның тарпы үрейлі, қорқынышты көрінеді
563
.
Бодандық қамытын киюге тақағанда хандық жүйемен бірге билік жүйеден де
айырылып қалдық. Сол билердің соңғы сарқыты Мөңке би болды. Мыс қал дап,
сыналап ене бастаған кепке қар сы болып, сынға алған, халқының бо ла шақта
азып-тозатынын, бодандық зоба лаңның ауыр болатынын ескерту, сәуегейлікпен
жорып, дабыл қағу, әз хал қын сақтандыру Мөңке би тол ғау ларынан анық
байқалады. Сыл ды ры естілген отаршылдық шынжыр бұ ғау, көшпелі тіршілікті
шайқай бас та ған нарықтық қатынастар, хандық би лік тің жойыла бастауы, жат
жұрт енгізген әкімшіл-әміршіл жүйе, бөтен дінге шоқындыру әрекеттері Мөңке
би жырында ақырзаман белгісі ретінде үрейлі бейнеленеді. Ералы,
Нұралы
хандардың жанында жүріп билік айтқан бидің аты-жөні түрлі деректер мен
қолжазба қорларында сақталған материалдарда «Тілеу баласы Мөңке би»
564
,
«Шекті Мөңке би», «Кіші жүз Шекті Мөңке би»
565
, «Шекті ұлы Мөң ке би» деп
таңбаланғанын байқауға бола ды. Бір аңызда «Бекарыстың баласы Мөң ке»
деген
566
. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Ноғайлы Мөңке би» деп атаса
567
, Ахмет
Бай тұрсынұлы «Шекті ұлы Мүңке би» дей ді
568
. Жалпы, негізгі деректерде Шекті
Мөңке би деп аталады. Қолжазбадағы аңыз-толғаулар қазақ даласының түрлі
түкпірінен жинақталып, жазылып алынса да халық бидің ата-тегін, нәсілін
шатыстырмай дұрыс атап көрсетіп отырғаны халықтың тарихи жадысының
берік екенін байқатады.
Мөңке би отаршылдық жүйені ақыр заман елесіндей таңбалау арқылы ха-
лық ты бодандықтан сақтандырып, одан тү ңіл діріп жиіркендіре білді, мәңгі бітіс-
пес қарсылық тудыртып, елдің санасын оятты. Елді тілінен, ділінен, дінінен,
жерінен, ізгіліктен бездіретін ауыр зо балаңды алдын ала болжап, сәуегейлік
жа сап, ащы ақиқатты айтып, отарлық кеп тің шын сиқын өткір тілмен айнытпай
суреттеп, жұрттың санасы әрдайым сер гек болуға, қорғаныс қабілеті ұдайы
бекемдеуге тиек болды. Сол себепті бодандық дәуірде Мөңке бидің нөсерлі
сөзінен қорқып, оны жариялауға тыйым салынып келді. Мысалы, бұрындары
563
Сейфуллин, 2007.56-б.
564
ƏӨИ ҚҚ 1002 бума, 2-дәп
565
ƏӨИ ҚҚ 1019 бума 1-дәп
566
ƏӨИ 1123 бума, 45-дәп
567
ƏӨИ ҚҚ 1004 бума 1-дәп. Мәшһүр Жүсіп жинаған.
568
Байтұрсынұлы, 2006, 92-93бб.
|