Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет314/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

327 


жариялана қоймаған бір деректе Тройцкий қа ла сын салдыруға рұқсат берген 

ел иелері қатал сыналады: «Мөңке би Кіші жүз, шекті елі екен. Орта жүз  де бір 

Жәнібек, Ұлы жүзде бір Жәні бек болған екен. Екеуінің қайсысы сал дыр ға нын 

біл мейді,  әйтеуір  бір  Жәнібек  қажы лар дың  барып  жүрген  орнына  Тройцкий 

деген  қала  салдырғалы  алғашқы  қазықты  шаныштырған  екен.  Мұны  естіп 

Мөңке би бұл қай Жәнібек екен деп, Кіші жүз шекті елінің Нұралы ханына келіп 

сұрайды. Бірнеше күн өткен соң Орта жүз дің сәуегейі Жәнібекке кездесіп, сә-

лем  бергесін:  «Балам,  қай  ру,  қай  елсің»,–  депті.  Бала  «шектімін»,–  дейді.  – 

«Жылқым жоғалып, сіздердей аталар дан үміт етіп, қайдан іздесем табар екем 

деп келіп едім». Жәнібектің әдеті, бал ашарда атынан түсіп, ер-тоқымын басына 

жастап,  орамалын  бетіне  жауып  жатып  ұйықтаса,  түс  көреді  екен.  Аз-мұз 

мызғып жатады да түрегеліп сөйлейді: «Жылқыңды ешкім айтпай-ақ табасың. 

Үшеуі  жатыр,  төртеуі  түрегеліп  тұр  екен»,  –  дейді.  Сонда  Мөңке  «Сіз  сәу е-

гейлікпен  жылқының  қайда  екенін  біл діңіз.  Сөйте  тұра  сіз  қазақ  елінің  қа мын 

неге ойламайсыз. Тройцкийге кө ңіл бөлгенше, кейінгі қазақ нәсілінің келешегін 

неге болжамайсыз?», – деген екен

569



Мөңке би толғауларының негіз өзегі – отаршылдыққа қарсылық сарын. Мем-



ле кеттің түзімнің құлауы, көшпелі өрке ниеттің дағдарысы, тұйыққа тірел ген ел 

өмірінің әлеуметтік өткір арналары толғауда толық қамтылады: 

Жақсыны алдар жезбенен, 

Іріткі салар сөзбенен. 

Өзен мен көлге атақты, 

Толтыра салар қаланы. 

Жаңа заман елге әкелген кәсіптің бірі – сүзекі салып, балық аулау болса, бірі 

жер жыртып, егін егу еді. Сахара кең далада мал шаруашылығымен күн көріп 

жүрген көшпелі қауым салтына бұл дағдылар мүлде ерсі көрінеді. Сол себептен 

де Мөңке би былайша толғайды: 

Азарсың, жұртым, азарсың, 

Азғаныңның белгісі,– 

...Атыз-атыз жыртылған, 

Жер шығады деп еді. 

Мөңке би жер жыртып, «тоған басы мұрап деп» арық қазуды айып көреді. 

Себебі  жерге  байланып,  кетпен  ұс таған  ел  көшіп-қонып  жүрген  кең  шал-

қар  қонысынан  айырылып,  жау ын гер  асау,  арда  болмысынан  адасып  қалуы 

569


 ƏӨИ ҚҚ 1019 бума 1-дәп




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет