ҰЛЫ ДАЛА тарихы
358
ең жақсысы дәрісхана, мектеп болу керек. Мәдени құрылымдары жоқ аймақта
не жасалса да, халықтың бір ғана қажетіне жарайды. Ал, мектеп пен медресе
дүниелік және ақыреттік қажеттілікке қызмет етеді, өйткені, адамды шын мәнінде
адам еткен ғылым және мектеп. Мектептері жетілген, кемелденген елдің жағдайы
да жақсы болғаны үнемі байқалып келген және күн сайын байқалуда»
627
.
Аталмыш әңгіменің Бұқара әміріне сабақ болсын деп жазылғандығы сөзсіз.
Оқиғадан бір жыл кейін, 1894 жылы жазда Əмір Абдул Ахад хан Исмаил
Гаспыралымен тағы да кездесіп, білім беру ісі туралы ой бөлісті. И.Гаспыралы
мен Бұқара әмірі арасындағы байланыс осыдан кейін де өз жалғасын тауып
жатты. Мәселен, Бұхара әміршісі 1902 жылы көктем мезгілінде Ялтадан қайтар
жолда Исмаил Гаспыралымен жолығып, оған сый-құрмет көрсеткен.
628
Осыдан
байқалатындай, Ресейде білім алып, жаңа әлемді таныған және орысша білетін
Əмір Абдул Ахад хан Исмаил Гаспыралының пікірін қостаған, алайда, Ресейдің
және ескіні жақтайтын қадымшыл ғалымдардың қысымы нәтижесінде тағынан
түсіп қалудан қорқып, бұл пікірін ашық айта алмаған. Сонымен қатар, Бұқараның
әлеуметтік және мәдени өмірінде Кады-келан өте ықпалды еді. Оның үстіне
орыс басшылары Əмірді үнемі бақылауда ұстаған болатын. Сондықтан Исмаил
Гаспыралының жаңашыл бағыттағы бастамалары мен ұсыныстары Түркістан
аймағында, соның ішінде Бұхарада үлкен кедергілерге ұшырап отырды.
627
İsimsiz: İki Han (Hikaye), Tercüman, N
o
32, 26 Eylül, 1893, ilave.
628
İ. Asanoğlu Kerim, Gasprinskiyning “Djanlı” Tarihi 1883-1914, Akmescit, 1999, s. 98. Сондай-ақ, қараңыз:
А.В.Пиясковский, Революция 1905-1907 годов в Туркестане, М., 1958, стр. 99.
|