ҰЛЫ ДАЛА тарихы
355
И. Гаспыралы кейінірек Ташкентке барып, байланыстарын одан әрі
жалғастырды. Ең алдымен Түркістан генерал-губернаторы А.В. Бревскийге
615
барған Гаспыралы бұдан кейін атақты миссионер-ғалым Н. Остроумовпен
кездесті
616
. Осы кездесуден байқалатындай, И.Гаспыралы өзіне Түркістанда
қарсы шығатын негізгі адамның Н. Остроумов екендігін алдын-ала білген.
«Түркістан Уәләяты Газетінің» бас редакторы және Ташкент мұғалімдер
мектебінің бас инспекторы, миссионер Н.Остроумов әйгілі миссионер
Ильминскийдің өтініш-талабымен Ресей өкіметінің Түркістандағы ресми
идеологиясына тікелей ықпал ететін жауапты адам еді. Исмаил Гаспыралының
кейіннен «Тәржіманда» өзінің осы сапары барысында қандай мәселелер
жайында сөз қозғалғандығын жазбағанына қарағанда, кездесудің нәтижелі
болмағандығы байқалады. Бұл кездесу негізінде әдептілік үшін, көз қылып
өткізілген-ді. Исмаил Гаспыралы өзінің күмәнді және қауіпті адам еместігін,
жасырын-құпия жұмыстармен айналыспағандығын, ең маңыздысы – ұлт үшін
жасағысы келгендерін мемлекетпен кеңесе келіп, ресми саясаттың аясында
жариялы түрде жүзеге асыратындығын айтқысы келді. Мұның бәрі, әрине саясат
үшін жасалған еді. Исмаил мырза басқарушыларға мынадай мәлімет берді:
«Жаңа әдіс, сабырлылық және достық арқылы Түркістан халқына білім беріліп,
жаңаша көзқарастар пайда болса, оның ары қарай жүзеге асырылатындығы
даусыз. Көпшіліктің ақыл-қабілеттері айқындалып, жақсы мен пайдалыны
ажырататын болады»
617
.
Исмаил Гаспыралының Ташкентке сапары оң нәтижелі және пайдалы болды.
Ташкент халқы тарапынан сый-құрметке бөленген ғалым, қазы Мухиддиннің
үйінде бірнеше сағат қонақта болған Гаспыралы сол жерде түркістандық
бірнеше зиялы кісілермен танысты, олармен сұхбаттасып, жүздескеніне ол өте
қуанышты еді
618
. Исмаил мырза қуанышын былай жеткізді: «Ташкентте зиялы
Ислам жамиғатын көріп, қатты қуандым. Азия ортасында, осынау шет аймақта
осыншалықты зиялы және жан-жақты хабары бар мұсылмандарды кездестіру
кімнің ойына келген! Олардың басым көпшілігі әскери және мемлекеттік
қызметкерлер. Бір бөлігі – жергілікті тұрғындар, сондай-ақ, Жайық және Орал
жақтан келгендер және бір-екеуі қырғыз (қазақ)
619
тегінен шыққандар. Екі дәрігер,
615
Гаспыралының жобасын бекітуге қарсылық білдірген генарал-губернатор Розенбах 1884-1888
жылдары қызмет атқарған. 1893 жылы генерал-губернатор қызметінде Барон А.Б. Вревский (1889-
1898 жылдары қызмет атқарған) болатын.
616
İsmail, Bahçesaray’dan Taşkend’e Seyahat, Tercüman, N
o
41, 2 Aralık 1893, s. 32.
617
İsmail, a.g.m. s. 29.
618
İsmail, a.g.m. s. 30.
619
Исмаил Гаспыралы қазақ халқы туралы мынадай мәліметтер береді: «Шехри Ташкенде мевжуд
малуматлу муслуманлар арасында Ханедани Киргиздан (қазақ) ротмейстер (ески Русияда йузбашы)
Султан Асфендияров (атақты тарихшы Санжар Асфандияровтың әкесі) мен тержуман Заманбек
Шейхалибеков женабларыны йвд етмек лазым. Бунларын хер икиси де инден-нас рағбетли ве рағбете
|