Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет72/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

76 


Ал, қазақтарда «uma>ұма» scroptum (еннің қабы) деген мағынада. Сонымен 

қатар  моңғолдарда,  оның  ішінде  буряттарда  «Ұмай»  −  құрсақ  мағынасын 

білдіреді.

118


. Демек сөздің шығу түбірі әйелдің жыныс мүшесімен байланысты. 

Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегінде Ұмайға табынған кезде 

еркек бала (ұл) туады деп, бұл сөздің нәресте дүниеге келгеннен кейін шығатын 

баланың жолдасы (плацента) екендігін жазады 

119



Үш  сайлы  (үшбұрышты)  бас  киімді  бейнелерді  Ұмаймен  байланысты 



қарастырып келеді зерттеушілер. 

1. «Ұмай» сөзін «Құма» ( «Хумай», Құмай) құсымен байланысты қарайды. Үш 

шошақты бас киімнің элементтері − екі шеттегі әрбір екі ұшы Құмай құстың екі 

қанатымен, ал ортадағы биіктеу шошағы Құмайдың басымен байланысты болса 

керек.  Осылайша  үш  мүйіз  де  (шошақ  та)  бейнелі  түрде  пайда  болған  және 

қағандықта атақ-дәреже тұрғысынан екінші қатарда келетін қатұнның басында 

Ұмайдың рәмізін білдіретін белгіге, яғни қатұнның Ұмайға ұқсас екендігінің бір 

белгісіне  айналған.  Осы  себепті,  бұл  бас  киім  билеушінің  тәжі  сипатына  ие 

болған. Ұмай Оңтүстік Сібірдің түрк халықтарында құс бейнесінде суреттеледі

120


.

2. Ұмайдың үш шошақты бас киіміне қатысты – хакастар мен телеуттерде 

«тарақ басты Ұмай» деген тіркес кездеседі.

3.  Алтайлық  меркіттерде  «Тудраш»  ата  тегі  (әулет)  туралы  аңыз  бар.  Бұл 

аңыз бойынша оның тайпасын бір қарт әжей байлық-берекеге кенелтуге уәде 

берген. Бұл әжейдің аты «үш мүсті Бай-оны» − «үш мүйізді қасиетті Ұмай ана». 

Телеуттерде Бай-әнә (Бай-ене) немесе оның кейінгі синонимі болып табылатын 

Май-әнә (Май-ене) жаңа туған балаларды желеп-жебейтін, қорғайтын, жақсылық 

жасауға құштар әйел Тәңірі сипатында екенін білдіреді.

121

4.  Сібірдегі  түрк  халықтарында  шамандар  өткізетін  діни  рәсімдерде  тау 



рухтарының  (пірлерінің)  бірі  ретінде  танылатын  үш  мүсті  Қара  Қая  –  «Үш 

мүйізді  Қара  Қая  (Жартас)»  алты  аяқты  киіз  үйдің  (отаудың)  қамқор-қорғаны, 

балаларды, әйелдерді, үй жануарларын, құстарды желеп-жебейтін әйел Тәңірі. 

Бұл тұрғыдан аталмыш тау рухының (пірінің) қызметтері әйел Тәңірі Ұмайдың 

қызметтерімен үйлесіп тұр. Ұмай өмір суретін мекен − тауда, алтайлықтардың 

тілімен айтқанда сүрү деген жерде орналасқан. «Сүрү» сөзі «сүйір ұш, шың» не 

болмаса «бас киімнің сүйір ұшы» деген мағынаны білдіреді. Осы себепті Таулы 

Алтайда Үш сүрү деп аталатын үш шыңы бар Ақтау (Белуха) тауы шамандарды 

желеп-жебейтін әйел Тәңірі ретінде сипатталады

122


. Осылайша Ақтау шыңдары 

үш шошақты бас киімді еске түсіретіндіктен Ұмайдың мекені ретінде қабылданған 

болса керек.

118


 Бертагаев, 1935, C. 145.

119


 Kaşgarlı Mahmud, 1985, cilt I. – S. 123

120


 Потапов, 1972, М., 1973. – C. 276

121


 Длужневская, 1974, 1978, C. 230–231.

122


 Длужневская, 1974, 1978, C.231–232




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет