Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет73/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

77 


5.  Түрк  халықтарының  көпшілігінде  Ұмайды  «Май»,  «Майене»  деп  те 

атайды,  бұл  Ұмай  сөзінің  қысқарған  түрі  (  Май-ене/  Май-ана  –  телеуттерде, 

Май – качиндерде, Май-іче – шорларда, Пай-ене – кумандындарда, Пай-ана − 

телеуттерде)

123

 . Бәлкім, Ұмайдың басындағы бас киім ұштарының (қырларының) 



санындағы  жұмбақ  астарды  үш  санының  символикалық  мағынасынан 

іздеу  керек  болар.  Көне  түрктерде  және  қазіргі  түрк  халықтарында  да  «үш» 

этносимволикалық мәнді қасиетті сан. 

6.  Ұмай  бейнесінің  үш  шошақты  тәждің  символикасы  Тәңірлердің  немесе 

діни  сипаттағы  тұлғалардың  бастарының  айналасындағы  нұр-сәулелермен 

байланысты  болуы  мүмкін  деген  пікірі.  Бұл  нұр-сәулелер  күнді  немесе  отты 

білдіреді деп қарастырады

124


.

Осылайша,  үш  шошақты  бас  киім  Ұмайдың  бейнелі  символы  болмақ.  Бұл 

бас киімнің қатұнның басында бейнеленуі Көктүрк қағандығында қатұнды әйел 

рух-иесі Ұмайға ұқсастырудан туындаған болса керек. 

Ал «Үш шошақты бас киім қай кезеңнен бастап кездесе бастайды?» деген 

сауалға келер болсақ, бұл бас киім түрктерден басқа көптеген халықтарда да 

өте ерте кезеңдерден бері белгілі. Мысалы, Қара теңіздің солтүстік жағалауында 

орналасқан Босфор корольдігіне тән мүсіндерде, қаңлы кезеңінің хорезмдік діни 

заттарында, исламнан бұрынғы Соғды (Нахшаб/Қаршы) керамика мүсіндерінде 

үш  шошақты  бас  киімді  кездестіруге  болады  (V  сурет,  1-2).

125

  Сондай-ақ 



Тәжікстанның  Қара  Пичак  және  Қорған-тепе  секілді  Хисар  аймағына  жақын 

жерлерден III-IV ғасырларда жасалған үш тісті тәж киген саз мүсіндер табылған 

(V сурет, 3).

126


Негізінде бұл аймақтарда жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған 

заттардағы  суреттердің  көне  түрктердегі  Ұмайға  қатысты  бас  киіммен  қандай 

да бір тарихи байланысы бар. Əсіресе, Батыс Түрк қағандығының

 теңгелерінде 

кездесетін  үш  шошақты  бас  киімнің  көне  түрк  мәдениетімен  байланысты 

екендігі күмән тудырмайды. Өйткені жоғарыда айтылған аймақтарда табылған 

мүсіндердің бас киімінің әрбір ұшы дөңгелек (доғал, сопақ) болып келеді, ал көне 

түрктер  мекен  еткен  аймақтардан  табылған  түрктік  сипаттағы  тасмүсіндерде, 

жартас суреттерінде және күміс заттарда да Батыс Түрк қағандығының



 теңге 

ақшаларында  бейнеленген  үш  шошақты  тәж  үнемі  үшбұрыш  пішіндегі  сүйір 

ұштардан құралған. 

Əсіресе,  Алтайдағы  Күдірге  (Кудерге)  қорғандарының  бірінде  (Алтай 

аумағында) табылған жалпақ тас қапталда бейнеленген сурет пен Тәңір (Тянь-

Шань) тауларында түрк дәуірінің «Суттуу-Булак» жерлеу орнында (Қырғызстан) 

табылған  сүйектен  жасалған  заттағы  еркек  бейнесімен  қатар  кездесетін 

123


 Потапов, 1973, C. 274-277

124


 Çoruhlu, 2001, S. 101

125


 Толстов, 1948. – C. 197–201; Isamiddinov, 1991, P. 174–176; Сулейманов, 2000, C. 198, рис. 168, 1–2.

126


 Древности Таджикистана,, 1985, C. 134, рис. 358–360




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет