Umay Ïduq jer sub basa berti erinč neke tezerbiz: – Тәңірi, Ұмай – Тәңірі, Ұмай,
қасиетті Жер–Су (рухтары бізге) жәрдемші болды, бұл анық»
117
осының дәлелі
іспеттес. Енисейдегі Алтын көл (Е-28) ескерткіші мәтінінде: «Uqumuz
Umay
Begimiz biz ... Аналарымыз (тегіміз) Ұмай, бектерімізбіз ...» деп кездеседі. Демек
ккөтүрктерді «Ұмай» аналардың, шешелердің қастерлі әрі киелі «аналық
түп-
негізі – Ұмай» деген қасиетті ұғымды, жер-судың иесі, тіршіліктің түп-тамыры,
«Жер ана, жер ұйық – Ұмай» деген ұғымды білдіріп тұр.
Ал енді, «Ұмай бір культ ретінде түрктерде қай дәуірде кездесе бастады?
Бұл сөздің шығу төркінін қалай түсіндіруге болады?» сұрақтарға ғалымдар түрлі
жауап беріп келеді.
«Ұмай» сөзіннің шығу тегін: 1) көне түрк тілінде «ана» сөзінің тағы бір
варианты болып табылатын «ұма» сөзінен пайда болған, бұл – Ұмайдың әйел
Тәңірі ретінде аналық сипатта қабылдануына себеп болған дейді; 2) ең бастапқы
түбірі әйелдердің жыныс мүшесі (вульва) үшін қолданылған көне түркше сөзден
деп жорамалдайды.
117
Tekin, 2003, S. 46, 91
|