Өрелі Өтүкеннің өнегесі
Рухани жаңғыру, бұл – өткен тарихымыз бен бүгінгі өміріміз, баян ды
болашағымыздың үйле сімді тоғысы. Бұл тоғысу – тарих, тұлға және киелі
жер дің жарасымы арқылы баян ды болмақ. Бұл тұрғыдан алғанда киелі жер
эпикалық санада ай шықталады, туған жер қаны мыздың түйіршігінде, жаны-
мыздың түкпірінде, тарихи санамыз бен таным-түйсігіміздің терең қатпарында
қатталады. Сондықтан тамырын тереңге тартқан біздің даңқты тарихымызда
киелі жерлер, қастерлі өлкелер аз болмаған.
Тым көнеде, түрктің киелі мекендеріне Өтүкен, Ергенеқон, Жерұйық, Жиделі-
Байсын дегендей түрлі атаулар берілгенін байқаймыз. Дегенмен, түрк жұрты
үшін Өтүкеннің жөні бөлек.
Өйткені бұл мекен түрктер үшін елдіктің алтын бесі гі болған. Күлтегін жа-
зу ын да «Түрк қағаны Өтү кен қой науында отырса, елде мұң жоқ. Өтүкен қой-
науын да отыр саң, Мәңгі Елді гіңді сақ тай сың» дейтіні
136
шын мәнінде Өтүкеннің
мемле кет тілік тарихында орны ерек ше бол ғанын байқатады. Біздің бұл сөзімізге
тағы бір дәлел Тоны көк жа зуында сақталыпты. Абыз дың күллі түрктерге қара та
айт қан сөзі бітік тасқа былай қа шалған екен: «Кімде кім, бірлік байрағын көтеріп,
ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе Өтүкенге келсін!».
Əрине, тарихи Өтүкен ай ма ғын бәріміз жақсы білеміз. Бәлкім, Өтүкен
аймағын гео гра фиялық картадан іздеуден гөрі, Өтүкен рухының санада жаң-
136
Жолдасбеков., Сартқожаұлы, 2005, 95, 191.
|