ҚОРЫТЫНДЫ Берілген Концепция бала дарындылығы сияқты күрделі де көпаспектілі құбылысқа тұтас амалды көрсетеді. Мұнда дарындылыққа өмір бойы дами беретін психиканың жүйелі сапасы ретінде түсінік беріледі. Концепцияда дарындылықтың негізгі белгілерін әрекеттің – инструменталдық және ынталандырушылық сияқты екі аспектісінде жүйелеу тәртібі берілген. Дарынды балалармен жүргізілетін нақты практикада көбінесе байқалған дарындылықтың түріне назар аударылады. Бұл бала дарындылығына деген тар прагматикалық амалдың көрінісі болып табылады. Сондықтан да концепцияда дарындылықтың әлеуеттік және жасырын түрлері болатынына тоқтала келе, осындай дарындылық белгілері байқалатын балалармен жұмыстың ерекше, ғылыми негізделген әдістерінің қажеттігі атап өтіледі.
Дарынды баланы анықтау бұл қасиетті идентификациялаудың кешенді және дербестендірілген бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл Концепцияны жүзеге асыру дарынды балалармен жұмыс істейтін мамандарға ерекше талаптар қояды, себебі дарынды балалармен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың адамзат өркениетінің маңызды ресурсы болып табылатын дарынды адамға айналуына ықпал жасау.