Дарынды балаларды анықтаудың принциптері мен әдістері дарынды бала тұЛҒасының ерекшеліктері дарындылықТЫҢ ТҮрлері



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі27,95 Kb.
#13582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция пед шеб

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Дарындылық түрлерін анықтау критерийлері ретінде мыналарды атауға болады:

1) әрекет түрі және оны қамтамасыз ететін психиканың салалары;

2) дарындылықтың қалыптасу дәрежесі;

3) байқалу формасы;

4) әрекеттің сан алуан түрінде байқалу кеңдігі;

5) жас ерекшелігі дамуының ерекшеліктері.

Әрекеттің негізгі түрлеріне: практикалық, теоретикалық (баланың жасын ескеретін болсақ), көркем-эстетикалық, коммуникативтік және рухани құндылық жатады.

Психиканың салалары интеллектуалдық, эмоционалды және ынталандырушы-еріктік болады. Әрбір саланың аясында психикалық ұйымдастырудың мынадай деңгейлерін атап көрсетуге болады. Яғни, интеллектуалдық саланың аясында сенсомоторлық, кеңістік-көру (визуалды) және ұғымдық-логикалық деңгейлер. Эмоционалды саланың аясында – эмоционалдық қабылдауы мен эмоционалдық қайғыруының деңгейі. Ынталандырушы-еріктік саланың аясында – ой шақыру, мақсат қою және мағынаны ұғыну деңгейлері. Сәйкесінше, дарындылықтың мынадай түрлері айқындалады:

практикалық әрекетте, көбінесе, қолөнері, спорттық және ұйымдастырушылық дарындылықтарды айтуға болады.

– танымдық әрекетте - әрекеттің пәндік мазмұнына қатысты интеллектуалдық дарындылықтың сан түрі айқындалады (жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы, интеллектуалдық ойындар саласындағы, т.б. дарындылықтар);

– көркем-эстетикалық әрекетте – хореграфиялық, әдеби-поэтикалық, бейнелеу және музыкалық дарындылықтар;

– коммуникативтік әрекетте – лидерлік және аттрактивтік дарындылықтар;

– рухани-құндылық әрекетте – жаңа рухани құндылықтар туғызудан және адамдарға қызмет етуден байқалатын дарындылықтар.

Дарындылық түрлерін «Әрекет түрі және оны қамтамасыз ететін психиканың салалары» критерийі бойынша жіктеу дарындылық табиғатының сапалық болмысын түсінуде анағұрлым маңызды. Бұл критерий бастапқы болып табылады.

Бұлай жіктеудің аясында мынадай екі мәселені шешуге болады:

– Дарындылық пен жекелеген қабілеттердің арақатынасы қандай?

– Дарындылықтың «шығармашылық дарындылық» деген ерекше түрі болады ма?

«Дарындылық» және «шығармашылық дарындылық» ұғымдары мәндес болып табылады. «Шығармашылық дарындылық» шартты түрде айтсақ, бұл – кез келген әрекетті жоғарғы деңгейде орындау ғана емес, сонымен қатар оны қайта жасау және дамыту болып табылады.

«Дарындылықтың қалыптасу дәрежесі» критерийі бойынша дарындылықты былай жіктеуге болады:

актуалды дарындылық;

– әлеуеттік дарындылық.

Актуалды дарындылық – бұл жас ерекшелігі және әлеуметтік нормалармен салыстырғанда нақты пәндік салада іс-әрекетті орындаудың жоғары деңгейінде байқалатын психикалық дамудың белгілі бір көрсеткішіне қол жеткізген баланың психологиялық сипаттамасы. Актуалды дарынды балалардың ерекше категориясын талантты балалар құрайды. Таланты бала – бұл қол жеткізген табысы объективті жаңашылдық пен әлеуметтік маңызды талаптарға сай келетін бала деп есептеледі. Әлеуметтік дарындылық– бұл әрекеттің белгілі бір түрінде жоғары нәтижеге жетудің психикалық мүмкіндігі бар, дегенмен сол сәтте өз мүмкіндігін оның функционалды жетімсіздігінен жүзеге асыра алмайтын баланың психикалық сипаттамасы. Бұл әлеуеттің дамуына бірқатар келеңсіз себептер (қиын отбасы жағдайы, ынталандырудың аздығы, өз әрекетін реттей алмау, қажетті білімдік ортаның болмауы, т.б.) кедергі болады. Әлеуеттік дарындылық баланың бастапқы психологиялық мүмкіндігіне нақты дамытушы ықпалды қамтамасыз ететін жағымды жағдайда байқалады.

«Байқалу формасы» критерийі бойынша айқын және жасырын дарындылық туралы айтуға болады.

Айқын дарындылық баланың әрекетінен нақты көрінеді. Баланың дарындылығы күмән тудырмайды, оның жетістігі көзге ұрып тұрады.

Жасырын дарындылықатиптік, жасырын формада байқалады, оны айналасындағылар байқамайды. Нәтижесінде бала дарынды емес деген қате қорытынды жасалуы мүмкін. Ол «болашағы жоқтардың» қатарына жатқызылып, қажетті көмек пен қолдаудан ажырауы мүмкін. Көбінесе «сүйкімсіз үйректен» көп адам «ғажайып аққуды» көре алмайды, дегенмен осындай «болашақсыз балалардың» жоғары нәтижеге жеткені жиі кездеседі.

Жасырын дарындылық феноменін тудыратын себептерді бала қалыптасатын мәдени ортадан, оны қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау ерекшелігінен, оны тәрбиелеп, дамытудағы ересектердің қателіктерінен іздеу керек. Жасырын дарындылық – табиғаты жағынан күрделі құбылыс.

Жасырын дарынды балаларды анықтау бір сәттік психодиагностикалық бақылаумен шектелмейді. Мұндай типтегі дарынды балаларды идентификациялау – баланың мінез-құлқын талдаудың көп деңгейлі әдістер кешеніне негізделген ұзақ процесс.

«Әрекеттің сан алуан түрінде байқалу кеңдігі»критерийі бойынша жалпы және арнайы дарындылықты көрсетуге болады.

Жалпы дарындылық әрекеттің сан түрінен байқалады және олардың өнімділігінің негізі болып табылады. Жалпы дарындылықтың маңызды аспектісі – ақыл-ой белсенділігі және оның өзіндік реттілігі.

Жалпы дарындылық баланың мақсаттылық дәрежесін, әрекетке ынты-шынтысымен берілу деңгейіне сәйкес анықталады.



Арнайы дарындылық әрекеттің нақты бір түріне (поэзия, математика, спорт, қарым-қатынас, т.б.) қатысты болады.

«Жас ерекшелігі дамуының ерекшелігі» критерийі бойынша ерте және кеш байқалатын дарындылық деп жіктеуге болады.

Ерте дарындылыққа мысал ретінде «вундеркиндтерді» атауға болады. Вундеркиндтің сөзбе-сөз аудармасы «ғажайып бала». Олар - жасына лайық емес мүмкіндіктерімен таң қалдыратын, психикалық дамуы ерекше балалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет