Дарынды және талантты балаларды анықтау мен жағдай жасаудың тиімді жолдарын бірлесе қарастыру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға үйрету. Жан-жақты білімді, іскер өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, барынша қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Міндеттері:
дарынды және талантты оқушылардың ынта-ықыласы мен қабілетін арттыру.
дарынды оқушының шығармашылық қабілетінің ашылуына, дамуына,
қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Дарындылық:
Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Дарынды бала дегеніміз:
Өз қатарларынан әлдеқайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ ЖӘНЕ ОРТА
Дарынды оқушы
Ұстаз
Ата-ана
Сынып жетекшісі
Педагогикалық ұжым
Әлеуметтік-психологиялық қызмет
Қосымша білім беру
Дарынды оқушыны табудың өзектілігі
Кешенді диагностикалық әдістемелерді күнделікті қолдану;
Мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтар арқылы қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
Әр түрлі пән үйірмелеріне қатыстырып, қабілетін ұштау, дарындылығын дамыту;
Психо-педагогикалық бағыт бағдар беру;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату;
Дарындылық белгілерінің ең бастысы– оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Дарынды балаларға табандылық және үлкен еңбексүйгіштікпен бірге жүретін сурет салу, музыка, ән,би,техника және т.б. арнаулы сабақтармен ерте әуестену тән.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру;
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)
Физиологиялық денсаулығын бақылап отыру;
Демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;
Психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация;