Енінші нөрініс
Лондон, Аэропорт. Совет шахтерларының делегациясының қатарында келген жас инженер. Және бір джентельмен.
Ж а с и н ж е н е р:
(Жалғыз өзі)
Кетсек екен тезірек!
Қажытты бұл серуен.
Әшейін бір кезі кеп,
Көрейін деп келіп ем...
(Сағатына қарап ерсілі-қарсылы жүріп)
Лондон күні қапырық.
Қапас қала...
Құмырысқаның илеуі –
Жат астана.
Құж-құж құздай сүреңсіз,
Сұрғылт үйлер,
Сұр беттілер сұмпиған
Топастана.
Әй, шаршатты-ау,
Лондонның әбігері!
– Церемония!
Әшейін танысқан құр.
Едірейе қарайды сөз қып мені,
Ұшып түскен адамдай –
Марстан бір.
(Тұрып аспанға қарап.)
Бұлт басқан,
Ашылады қашан,
Мынау аспан?
Кетер ек, дырдудан,
Көк тұман,
Лондоннан.
Кетер ек, шұғылаң
Жарқырап тұрған,
Отаным –
алтын,
Жеріңе жылдам!
(Ойланып)
Сұлу жері жоқ емес,
Тек қызығы көп емес!
Шотландия,
Шотландия!
Шыңдары бар шатқал-қия.
Ал шахтасы – сор шыңырау,
Шахтер – сорға батқан. – Ия!
(Джентельмен келіп қалады)
Д ж е н т е л ь м е н:
Здравствуйте,
мистер инженер!
Ж а с и н ж е н е р:
Здравствуйте...
Білесіз бе орыс тілін?
Д ж е н т е л ь м е н:
Білуші едім, расында да,
Болған едім Россияда,
Онда жап-жас бала едім мен,
Көрген шексіз даланы кең!
Әкем байғұс кезген оны
Қарт Уркварт әлегімен.
Инженер боп әкем тұрған,
Жезқазғанның кендерінде.
Жұрты дүлей, құм ішінде,
Болған едім мен де бірге.
Ж а с и н ж е н е р:
(Кенет түсі өзгере қалып)
Ах! Не дейді?
Ұлысыз ба инженердің, –
Сөлін сорған біздің жердің?
Д ж е н т е л ь м е н:
Я, соның баласымын,
Пікіріңіз теріс бірақ.
Кім түсінген дала сырын,
Жатқан тұйық, түсі қурап?
Білген кімдер Россияда,
Бар екенін асыл дала?
Бұрын білген менің әкем...
Атағына тағзым етем!
(Сигаретін тартып, түтінін будақтатып)
Оқыдым мен интервью
Кеше газет бетінен.
Берген сіз ғой, мистер,
Айтыңызшы, өтінем.
Сол рас па, сенбеймін,
Бәрі өзгерді дегенге.
Қайтіп гигант орнайды,
Құм гулеген қу белге?
Айтқан әкем – ол құмның
Таусылды деп кені де.
Көзім көрді... жұртыңыз
Тағы еді ғой о күнде.
Қайтіп білгір болдыңдар,
Шахта ісіне тегінде?
Айтыпсыз тым көтеріп,
Мақтап жана шахтаны,
Жаман депсіз шахталар –
Ағылшындық шақтағы.
(Шылымын аузынан алып, жымиып)
Айтқаныңыз рас па,
Әлде әшейін мақтан ба?
Оңашада айтыңыз...
Ж а с и н ж е н е р:
Мейлі қайда айтсам да,
бәрі анық.
Шүбәңіз ескі ертегі, кәрі тарих.
Сіз көрген құмдар бүгін жаңғырығып,
Гиганттар белестерін шықты жарып.
Орнады зәулім завод қат-қат шыңдай,
Кендерден құрыш-қуат атқан тынбай,
Заңғар кең Жезқазғанның шахталары,
Дуврдың қия-қия шатқалындай.
Кен барлау білімін де біз асырдық,
Әр төбеден жатыр мол кен ашылып.
Әкеңіз біле алмапты, біздер таптық,
Запасты көл-телегей, сан ғасырлық.
Д ж е н т е л ь м е н:
Ал, ағылшын шахталары сіздерге
Негізгі кен болды ғой, жасырма!
Алғыс айтар ретіңіз бар біздерге,
Біздер үлгі қалдырдық қой расында?
Ж а с и н ж е н е р:
Болмады үлгі бізге ағылшын үңгірі,
Ол қарсақтың індеріндей бұл күні,
Жатыр жылан ойнағындай құм басып,
Соларының біздерде жоқ тұлдыры.
Барақтарың, қапас түрме сияқты,
Алдақашан отымызға жағылған.
Ол жерлерге зәулім сарай сипатты
Жұмысшыға қат-қат үйлер салынған.
Сан машина жер астында гүрілдеп,
Алдақашан лақтырылған қайлаңыз.
Есте қалды өшпендікпен бүгін тек
Қулық, сұмдық ағылшындық айлаңыз.
Д ж е н т е л ь м е н:
Кімді айтасыз? – Менің әкем ізгі еді,
Ол көздеген әрқашан да ғылымды.
Ж а с и н ж е н е р:
Жоқ, жентельмен, ол сұмдықты іздеді,
Кезептігі маған айқын білінді.
(Зілдене сөйлеп)
Қанап ылғи ағылшындық қулықпен.
Сұр жыландай жұмысшыны арбады,
Кеншілерді қырып кетті, взрывпен,
Кетерінде, капиталдың жалдабы.
Сенің әкен – жендет болды әкеме,
Айт, жентельмен, сол ұмытылып кете ме?!
Уақытым жоқ, кек қайтарып кетуге,
Тірі ме өзі, –
Түкірейін бетіне?!
Д ж е н т е л ь м е н:
(Абыржып, сөйлей алмай төмен қарайды. Қолындағы таяғымен жерді шұқып, мұңайып)
Марқұм әкем – бұл күнде
Жатыр сонау Африка
Шыңырауының түбінде.
Тәртіп беріп жүргенде,
Сол жақтағы бір кенде,
Қара біреу өлтірді...
Ж а с и н ж е н е р:
Сұм пейілге – бір зауал!
Рақымет сол негрге,
Еркіндер заман жоқ
Енді сондай жебірге.
Ж е н т е л ь м е н:
(Кетуге айналып)
Жақсы, мистер кетейін,
Түсінісе алмадық.
Бірақ нанбай, иланбай
Тұрмын әлі таң қалып.
Қалсаңыз жетім әкеден
Қараңғылық түбінде,
Инженер бола қалдыңыз
Қайтіп, қалай бұл күнде?
Ж а с и н ж е н е р:
Үлкен ағам өсіріп,
Берді маған білімді.
Д ж е н т е л ь м е н:
Сондай-ақ білімді ме ағаңыз,
Артық білген кен зерттегіш ғылымды?!
Ж а с и н ж е н е р:
Білімі оның таң қалдырған әлемді,
Шығандарды жарқыратқан алдағы,
Тауды ойнатып, толқындатқан тереңді,
Тегеурінді оның терең қолдары.
Туысына, достарына мейрімді,
Ондай аға – жоқ дүниенің бетінде.
Ойы ізгі, кеудесі кең пейілді, –
Қамқор, пана – езілгенге, жетімге...
(Самолет ұшатын сигнал естіліп қалады, инженер кетуге асығады)
Басында оның барлық асыл үміт, ой...
Д ж е н т е л ь м е н:
Ал аты кім?
Ж а с и н ж е н е р:
Үлкен ағам – орыс халқы!
Біліп қой!
(Кетеді)
Достарыңызбен бөлісу: |