Дастандар



бет21/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
30 Қалижан Бекхожин Поэзия тербетеді жүрегімді

Үшінші тарау

Әсия жатыр жалғыз бөлмесінде,


Түрлі ой орағытып келді есіне:
Заводтың азан-қазан арпалысы,
Кетпей тұр жаңғырығып зердесінде.
Тұңғыш іс заводтағы қандай қиын!
Сыпырды талай терін маңдайының.
Топалаң тастар сеңдей соғылысып,
Алдында бұрқыраған қардай құйын.
Қыз ырза келгеніне бұл заводқа,
Қызықты цехта жұмыс қызған уақта.
Малталап мыс тастарын үйіргенде,
Алтындай алау атқан қызыл отқа.
Тек оны жабырқатты тетік көне,
Көп бөлшек кемірілген кетіктене.
Үзілді ескі белдік ауық-ауық,
Болмады техникасы жетік неге?
Сол ма тек сілкіндірген ой тереңін?
Сүйгенің еске түссе қайтер едің?
Күлімдеп көз алдына Ақан келді,
Куә қып Алматының бәйтерегін.
Біреуден сұрап өзі білген бүгін –
Ақанның Жез кенінде жүргендігін.
Қазірде қандай күйде сол мұңдары
Алысқа алып қашқан сыр мен мұңын.
Әлі ол сол сүйкімді пішінде ме?
Наз айтсам жүрегімді түсіне ме?
Әлде ол жалт бере ме жабырқанып,
Солай ол енген еді түсіме де.
Өкпесі өрттей әлі сөнбеді ме,
Құпия қыспады ма шер мені де?!
Кеттің сен талайыңды тұман шалып,
Жетті ме аялауға дәрменім де?
Кінәм жоқ, ұятымнан қорықсам да,
Иіліп өзім барып жолықсам ба?
Көңілі ауып оның басқа жарға
Сыр берсе, өлгенім ғой, анық сонда...
Осылай ойлар ұйтқып өзін қысты,
Көрген жоқ көптен мұндай езілісті.
Дуылдап тұла бойы аунады қыз,
Тұтанды тұнып жатқан сезім күшті.
Керілді, бойы бірақ серпілмеді,
Тамырдың қатты соқты серпіндері.
Ләззатты түпке түйген сырлы жүрек,
Жүр еді сәті түссе шертілгелі.
Күрсініп тұрып кетті төсегінен,
Жабырқап жалғыздықтың кеселінен.
Қарады шар айнаға, ақ жүзіне,
Қалайша қызыл шырай нұр себілген?
Құпия булықсыған қайран мүсін!
Қадірін көрмеген жан қайдан білсін?
Аппақ тес, қос анары сәл томпиған,
Сондаймен сері жігіт ойнап-күлсін.
Жап-жалтыр, жібек балтыр, аяғы тік,
Жалаңаш ақ қайыңдай ая күтіп,
Жылы жел тербегендей, теңселді қыз,
Өзіне өз көңілінде аяу бітіп.
Осылай күнде ерге қызып тұрып,
Денесін шайқайтын қыз шынықтырып,
Әсия аңдамады, қарап біреу,
Сұқтанды сырттан көзін қызықтырып.
– Әсия, көз тимесін сымбатыңа,
Керілген аққудайсың суда тура.
– Ах! – деп қыз халатына сүңгіді тез,
Мұршасы келмей соған тіл қатуға.
– Е, Қараш, кім әкелді сені қуып,
Саумысың, қайда жүрсің,
ізің суып?
– Қызметім Алматыда, Главкада,
Бақылап кен кәсібін жүрмін жуық.
Бұл жаққа шықтым қызмет бабыменен
Талай бір мәліметті алып келем.
Әсия таптым сенің заводыңды.
Алыстап кеткен жоқсың әлі менен...
Әсия бойын түзеп отыр тыңдап,
Сөзімен жақындап ол ақырындап,
Шытына Әсияға қарайды да,
Тілегін білдірмеді батыл бірақ.
– Әсия, көргеніме қуанамын,
Жүрсең де қырында сен қу даланың.
Талпынған бір ұяның түлегіміз,
Кейісең, не десең де құп аламын.
Мүсіркеп қимаймын ғой сені жатқа,
Мейлің, тежеу жоқ қой махаббатқа.
Жүр екен әзір Ақан біреу бүркеп,
Тығылған жер астына аулақ жақта.
Ашылар ертең сыры, оған саспа,
Айтатын жаңалық бар одан басқа.
Жұрағат қызына бір үйленіпті,
Ақанға дәмеңді қой,
қадам баспа?..
Құсымыз қатар ұшқан бір ұяның,
Толғайтын өзіңнін де кең қиялың.
Тыңдашы, Әсияжан, – деді Қараш,
Портфельден алып жатып коньягін...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет