Дастандар


жил. СЫРДАРИЯ КӨКПАРЫ



бет36/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
30 Қалижан Бекхожин Поэзия тербетеді жүрегімді

1917 жил.


СЫРДАРИЯ КӨКПАРЫ
(Қазіргі аңыз)

Көктен атқан жасындай,


Аптығы бір басылмай,
Арқыраған дария,
Құм даланы қыдырып,
Желден озған жүгіріп,
Асыққандай жарына,
Үрке қашқан асаудай,
Екпінін бір баса алмай
Әлденеден үріккен
Таудан өрген тағыдай,
Төтеп соққан дауылдай,
Келе жатыр бүлікпен.
Алып жартас алдында,
Арқа тосып ағынға,
Жатыр сұлап көлденең.
Бұзып-жарып жартасты,
Талай қырдан әрі асты
Көк телегей селменен.
Қырдың көкше белінде,
Ақша қардай көріне,
Жатыр шалқып мақта гүл.
Сол мақтаны егілген,
Күннің ыстық лебінен,
Бір сұлу қыз сақтап жүр.
Он жетіде жасы бар,
Он жеті өрім шашы бар,
Өзбек қызы Шырын ғой.
Көзі қара сиқырлы,
Өзі гүлдей сүйкімді,
Өзектің ол нұры ғой.
Басында бар тақия,
Әлдекімнің атына
Кестелеген алтынмен.
Кімде екен үміті,
Қайда екен сол жігіті –
Жұрттан асқан даңқымен.
Арасында ақша гүл,
Толықсыған бақта жүр,
Мақта бағып сол сұлу.
Моншақ атып алыстан,
Сағым қуып жарысқан,
Келе жатыр толқын су.
Сылдыр қағып,
су шалқып,
Моншақтай бір көз тартып,
Көрінді өзбек қызына,
Сол толқынды моншақтай,
Ұстауға бір құшақтай,
Қыз жүгірді қызыға.
Түсті сұлу толқынға,
Қыз түскен соң толқын да,
Ақты баяу тасымай...
Гүл бақшама сұлуым,
Тартып жатыр Сыр суын,
Қызығы бір басылмай.
Қыздың мақта гүліне,
Жатыр толқын төгіле,
Моншақтай бір шашылып.
Тағы келді ағымға,
Көк толқынын тартуға,
Өзбек қызы асығып,
Соған бейне долданып,
Өзен өрен толғанып,
Жел шақырып ысқырды,
Жел жүгіріп қасынан,
Тақиясын басынан,
Суға ұшырып түсірді.
Толқын тулап атыла,
Көкпар болып тақия,
Кете барды сумен тез.
Жалындады қыз кегі,
Ызаланып сөйледі,
Жарқ ете қап қара көз:
«Ей, дария, дүлейім,
Көріп сені күлемін,
Қайда әкетіп барасың?
Барымта алып жолшыбай,
Аптығын бір басылмай,
Қайда тулап ағасың?
Аққканыңмен құтырып,
Кете алмассың құтылып,
Ұсталып бір қаларсың.
Сені жеңген батырға,
Арнап едім тақия,
Кім ұстаса,
сол алсын!
Жеңілгенде басылып,
Толқын моншақ шашылып,
Сол батырдың жеріне.
Күндей күліп барамын,
Гүлжазира даланың,
Бәйшешегін теруге».
Желмен ойнап жүгіріп,
Ел біткенді қыдырып,
Кетті қыздың сәлемі,
Су үстінде атыла,
Алтын айдай тақия
Дөңгеленіп келеді.
Тақиялы толқынды
Ұстаймын деп ұмтыла,
Талай жігіт қырдағы.
Бірақ асау дария,
Толқын атып жарына,
Ұстатпады, зымрады.
Көктем дауыл шақырып,
Түйдек-түйдек атылып,
Кете, барды толқындар,
Дейді: «Мені бөгейтін,
Күшін маған тежейтін,
Қандай ғана батыр бар?»
Айтып соны ағындап,
Толқынменен дауылдап,
Келе жатыр долдана,
Алыста су сағынған,
Елестеген сағымнан,
Жатыр байтақ кең дала.
Шөліркеген сол дүзден,
Бетін күнге күйгізген,
Өрт ашулы жас жігіт,
Сол дария сиғандай,
Жатыр қазып терең сай,
Тауды бұзып,
тас тіліп.
Көзі түсті тасқынға,
Келіп қалған қасына,
Айдаһардай атылып.
Сол тасқынға атылған,
Қарсы ұшты жас ұлан,
Шөл ашуын шақырып.
Дария да иіріліп,
Шөл баласын иіріп,
Теңізіне тастауға, –
Екі езуі көпіріп,
Кейде тасый лепіріп,
Секіреді аспанға.
Сол телегей тасқынды,
Жалғыз шынлай қасқия,
Қарсыласқан жас ұлан.
Таудай тосып тұлғасын,
Тастай ұрып құлашын,
Шықты толқын астынан.
Көк толқынды шұбатып,
Даласынан су атып,
Жігіт кетіп барады,
Құлазыған шөліне,
Толқын моншақ төгіле,
Дүбірлетті даланы.
Басылғандай дария,
Жас батырға табына,
Мүләйімсіп тіл қатты.
«Өрен едің өрлеген,
Тауына ырық бермеген,
Тасқыным бар тым қатты.
Сен ұстадың жалымнан,
Бағынамын, жалынам,
Босат мені, батырым,
Арнап сенің атыңа,
Алыстан бір тақия
Алып келе жатырмын.
Бола қалып маған кез,
Өзбек қызы –
қара көз,
Беріп еді бір сұлу...» –
Соны айтты да басылып,
Бүлік сырын жасырып,
Тым сызылып тұрды су...
Жүйткіген жел сыр ұрлап,
Қыз сәлемін сыбырлап,
Жеткізді ол жігітке.
Елестеді сол тұрған,
Өзбек қызы толқыннан,
Жар басында, биікте,
Естіп желдің сыбырын,
Біліп жігіт су сырын,
Көкпар алып тасыған.
Тақияны алды да,
Кетті сүйреп аулына,
Көк толқынды шашынан.
Шөлге бір кез қараса,
Шөл де қызық тамаша,
Гүлжазира дала бақ.
Жарқырап су күмісі,
Меруерттей күріші,
Дала қызық, дала шат.
Соны жігіт көрді де,
Шаттық еніп көңліне,
Сәлем жазды Шырынға.
«Жыр болғандай сырым бар,
Гүлдерім бар,
суым бар,
Толған ой мен қырымда.
Шөл даласы су көрмей,
Жатушы еді көгермей,
Шерін сумен тарқаттым,
Көл бітірген шөліне,
Шырын қыздың кегіне,
Жаңа туған Фархатпын
Ақша қардай ақ мамық,
Қара жерден мақта алып,
Жатырсың ба, сұлуым?!
Жүрегімде сен едің,
Келді маған сәлемің,
Толқындатып Сыр суын.
Суды женген батырға,
Арнап едің тақия,
Сол батырың мен едім,
Толқын ойнап көліңде?
Гүл толқысын шөлімде,
Құйған шаттық құн лебін.
Толқынымен жүректің,
Саған арнап гүл ектім,
Келіп, сәулем, соны көр!
Аңдып қыздар соны жүр,
Таратқандай мың сыбыр,
Сол бір гүлге соғып жел.
Соны, сәулем, көріп кет,
Көрімдігін беріп кет,
Мен де сені көрейін.
Іздеп келсең аулыма,
Гүлдер шашып алдыңа,
Күміс толқын төгейін!»
1947 жыл.
НЕГР ДЖЕМС
(Баллада)


I

Бітті майдан...


Болған ойран,
Ішінде қаланың
Қалып қайран,
Қарап жан-жаққа
Келдім деп қайдан?
Туғанда жеңіс,
Тұр аңырып
Негр Джемс.


II

Ойран да ойран...


Шықпас ойдан,
Қара жер қанға,
Қашан бір тойған?
«Бітті майдан!
Бітті майдан!
Жеңілді неміс», –
Деп мәз болды
Негр Джемс.


ІІІ

Терімен жуып,


Көмірдей бетін.
Риза болып,
Тірлікке тым.
Аңсап дүние,
Әділетін.
Жаса жеңіс! –
Деп, айқай салды,
Негр Джемс.


IV

Көрсеткендей


Әлемге күшін,
Ағартқандай
Қап-қара түсін.
«Соғыстым мен де
Әділет үшін?
Керек маған да
Жеңістен бөліс, –
Деп, шаттанды
Негр Джемс.


V

Бітті майдан...


Бірақ ойдан,
Шықпай тұр үйі
Алыста қалған.
Көрмей көп жыл
Көңілінде арман,
Туса да жеңіс, –
Қайта алмай қайғылы
Негр Джемс.


VI

Мұхиттан әрі


Бұлттар көшкен.
Жарты жер бар,
Жалаңдап өскен.
Сарайлар бар сонда,
Кикпен тілдескен,
Аппақ тегіс, –
Ие емес бірақ,
Негр Джемс.


VII

Тұрады онда,


Мырзалар аппақ.
Басқан аяғын
Алшаңдап аттап,
Өзінен басқаға
Ірілік сақтап,
Жақтырмай қараны,
Айтқан сөгіс, –
Естіген соны
Негр Джемс.


VIII

Қайда оның үйі?


Қаладан қашық.
Тықсырған оны
Сарайлар басып.
Құр ғана үңгір,
Қараңғы лашық,
Қап-қара тегіс,
Тұрады сонда
Негр Джемс.


IX

Мұхиттан әрмән,


Зор қалалардан,
Қорек іздеп,
Көп сандалған,
Көп жыл,
көп күн,
Шаршаған, талған,
Таппай жұмыс,
Сорлы болған
Негр Джемс.


X

Мұхитты кешіп


Таулардан асып.
Оқтармен, өртпен
Араласып.
Қар жамылып
Қанды басып,
Болсын деп жеңіс,
Төрт жыл соғысты
Негр Джемс.


XI

«Мен де адам,


Мен де болам
Ақ түстілердей
Алшаңдаған.
Енді теңдік
Тиер маған,
Туды ғой жеңіс!»
Деп ойлаған
Негр Джемс.


XII

Алшан басып,


Кетті жүріп,
Келеді баладай
Қуанып күліп.
Кездесті сонда,
Ақ түсті ұлық.
«Туды деп жеңіс»,
Қол созды оған
Негр Джемс.


XIII

Қарашы паңын,


Американың,
Морт мінез – жанын.
«Тарт қолыңды!
Көтермес арым
Ұстауға қолын,
Сендей қараның», –
Деп зекірді,
Айтып сөгіс –
Қалды аңырып
Негр Джемс.


XIV

«Мен де адамы


Американың. –
Кем бе екен менің
Содан жаным –
Қайда төрт жыл
Соғысқаным.
Туар деп теңдік
Туғанда жеңіс»,
Деп баладай,
Еңкілдеп жылады
Негр Джемс.


XV

«Неткен алдау,


Неткен жалған,
Ақ түсті жандар,
Мейрімсіз аңнан.
Мәңгілік қорлық,
Таңба салған –
Мәңгі сөгіс»,
Деп зарланды
Негр Джемс.


XVI

Мұхиттан әрмән,


Несі бар қалған? –
Қорлық пен азап,
Сөздері жалған.
Ақ түсті адамдар,
Қатыгез аңнан,
Айтқаны «Соғыс –
Майданға шық! –
Негр Джемс».


XVII

«Доллар жанды


Ақ түстілер,
Доғар сөзді,
Ей, мистерлер!
Енді маған
Тыныштық бер, –
Керек емес
Енді соғыс!»
Деп, жар салды –
Негр Джемс.
1948 жыл.


МИСТЕР КОЛДЕРДІҢ САХАРАҒА САЯХАТЫ


...Сонымен мистер Колдер алыс
жаққа бет алып, шөл далаға сапар
шекті. («Новое время» журналынан).


I

Джентльмендер жайраңдап қақты жымың,


Мистер Колдер құмға жол тартты бүгін:
– Міне, ғылым жорығы!
– Міне, өрлеу!
– Мінеки, жаңалықты тапты ғылым...
Шулады бұрай сөйлеп бұрыс тілін.
Нелер мистер,
Даурықты Пристли16.
– Мистер Колдер жол болсын!
– Мистер Колдер,
Ғажайып ізгілікті бір іс бұның!


II

Африка құмдарынан жел ұйтқыған


Басына, сол ғалымнын, – ойы тұман,
«Жазық шөл!
Кең Сахара!
Жұпыны жұрт!»
Елестеп тұра қалды қалың құмнан.
Күнгейден кең жазықты аңсап көріп,
Ежелден емінетін, жасап жорық.
Сұғанақ сұр джентельмен,
Өңешімен,
Сәулесін күншығыстың жатқан сорып.
Мистер Колдер ғалым ғой!
Жөні бөлек.
Басында құйын ойлар, толған дерек:
«Кетіпті құрттай құжынап бұл адамдар
Тағдырын шешу керек...
Толғау керек».
Мархұм Мальтус кебіні елес беріп:
«Жұмыр жерде миллиард жан жөнелді өріп,
Секунд сайын туады аузын ашып...»
Мистер Колдер
Шошыды соны көріп.
Сөйледі маңызданып мистер мыстан,
(Мистер әсте ғылми іске дұшпан).
– Бұған шара – тегінде соғыс қана.
– Ойлайық, бар да шығар басқа шара,
Жапан шөлді жаңғыртса...
– Мүмкін емес.
– Зерттелік...
– Ал ендеше, барып қара!


ІІІ

Африка – құмды жазық, неткен кең жері


Күлімдеп келе жатыр мистер Колдер.
Көзіне құм ішінен жылтырады –
Гауһарлар...
Миуа талдар...
Асыл кендер...
«Мінеки, Бәни Аббас...17
Неткен орман!
Ішіне алуан жеміс, мәуе толған.
Қу дала болар тегі баяғыда,
Өзгерткен Европа ғой бұны қолдан!»
Солай деп,
Мистер Колдер оймен жүзіп,
Келеді сұқты көзбен құмды сүзіп.
Француз әскерлері қылышымен,
Сол кезде,
Мәуелерді қырқып, үзіп –
Шуылдап келе жатты шарап ішіп.
Мистер Колдер қуанып, жайнай түсіп,
(Қуға қу кездеседі бейуақытта...)
Қолдарын кезептердің жатыр қысып.
Бірақ та, мистер Колдер ғалым адам,
Бұл шөлдің сырлары көп алынбаған, –
Сондықтан сұрап кетті маңызданып: –
Мырзалар, айтыңыздар бәрін анық:
Қаншама күш төгілді? Қандай шара?
Ғылымнан жұмсалды екен осы араға?
Қаншама қаржы керек бұл шараға?
Үлесін тұрғын халық қоса ала ма?
– Әскери құпия ғой бұның көбі.
Сонда да айтыңызшы, сырын тегі...
– Құрсаулы көк темірлер...
Танк, бомба,
От пен оқ, –
Бұл араға ең керегі.
Содан соң жиі-жиі оқтар атып
Қойсаңыз, ақ қылышты жарқылдатып,
Бітеді алдыңызға мәуелі орман, –
Жемісін жей бересіз еркін жатып.
– Бұныңыз түсінікті...
Бірақ, ғылым...
– Оқпенен байланысты бәрі бүгін.
Әрине, білуші еді Брит елі,
Осыны жазып қойды еппен күліп.


IV

Тағы да мистер Колдер кетті жүріп.


«Зерттеді».
Мистер Колдер содан әрі
Күн қақтап, кеуіп жатқан Сахараны.
Тас құйын ойнақтаған құм шұбырта,
Қураған қылтанақсыз ой мен қырқа.
Алабы аласапыран Сахараның,
Шашындай бәдәуидің ұйпа-тұйпа.
Бұл жерде –
Аштық, апат – арық-тұрақ
Жұртының қашқан өңі, біткен қурап.
Жүгірген сып-сыйда араб жел қаңбақтай,
Алдында жат біреудің тұр қалтырап...
Жастанып қызыл шақа құм алапты,
Панасыз жандар міне, түнеп жатты.
Лондоннан кезіп келген жат жолаушы,
Табалап, осыларды тілдей қапты:
– Осынша сорлысыңдар неге сендер?
Аштыққа мұнша неге көнесіңдер?
Ежелгі жалқаулықты қоймасаңдар,
Қорлықты көресіндер,
Өлесіңдер!
Қара, әне, француздық өнегені –
Бәни Аббас өзгерді гүлдеп өңі.
Ніл бойы жайнар енді, британдық
Мәдениет сәулесі нұр төгеді, –
Дегенде, –
Сеңсең шашын сілкіп қалып,
Бәдәуй түрегелді құрыстанып.
Қарады ажырайып, мистер Колдер,
Қалпағын баса киіп, дұрысталып.
– Уа, мистер, түсініксіз өсиетің,
Ел едік, ғылымға біз бас иетін?!
Көрдік біз ағылшыннан
Аштық, қорлық, –
Көрмедік өнеріңнің қасиетін.
Көрсеңіз миуаларды жерімізден,
Бәрі өскен біздің қанды терімізбен.
Жарқылдап ақ қылыштар үстімізде,
Сыпырды несібенің бәрін бізден.
Арабтың азынаған құм жерінде,
Ажалдың уын сепкен кім өмірге?
Күйген шөл,
Аштық, апат, – осы тегі,
Әйгілі Европаның өнері ме?!
Құмдағы отты қайта
Үрледіңдер,
Сендерден
Оқ пен улы гуледі жел.
Талайғы бұлақтарды суалттыңдар,
Сарғайды нулы дала, солды гүлдер.
Осы ғой өнегеңіз.
Неге, мырза;
Ендеше мақтанасыз алдымызда? –
Дегенде...
Мистер Колдер кейіп кетті:
– Ім... Шығыстық адамсыз ғой қаны қызба.
Ойлаңыз,
Олар басқа, біздер – бөлек.
Бізден тек ізгілікті іздеу керек.
Британ жоспары бар –
Осы құмды
Гүлдетпек,
Көресіздер бізден көмек.
– Қай кезде?
– Жоспарымыз бір жүз жылдық!
– Өмірім бар ма, сірә, бір жүз күндік?
Уа мистер,
Жөнеліңіз,
Құйын қиял
Жөнелсін, өзіңізбен бірге зырғып.


V

Сонымен мистер Колдер кетті жұріп.


Артынан алай-түлей құйын тұрып,
Ашуын арабтардың көтергендей,
Қорытты:
«Британ алса алқымына
Жүз жылда құлпырады дала гүлмен».
Осы оймен күнгей көктен тояттанып,
Жөнелді көлгір Колдер қанат қағып.
Келді де мистер – мыстан министрге,
Рапортын айтты Колдер кенет барып:
– Тыңдаңыз сәр, зерттедім солай, солай.
– Сонда да мәселенің жөні қалай?
– Сонымен екі жол бар – бірі жүз жыл...
Бірі – жаулау...
– Міне, бұның оңай...


VI

...Жоқ мистер,


Мейлің ойлан, мейлің күйін.
Жоспарың – жапандағы бір жел-құйын.
Капитал – кәрі иең, өзі құрап,
Шертіп тұр құм ойнаған шөлдің күйін.
Бітпейді ысқырғанмен жеміс желге.
Болмайды капиталға Шығыс пенде.
Жеңбейсің табиғатты жүз жылда да,
Жеңбейсін мың жылда да,
Соғыспен де!
Алдау – зиян,
Келген дерт ескіліктен.
Ендеше ентелеме ескі үмітпен.
Бізде – өмір,
Бізде – шындық,
Біз сондықтан –
Соғамыз, жүз жылыңды бес жылдықпен.!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет