Dbbbdd 5106-Даму бұзылыстары бар балаларды дифференциалды диагностикалау пәнінен


- Дәріс: Сәбилік жастағы баланы психологиялық-педагогикалық тексеру



бет11/16
Дата18.05.2023
өлшемі63,01 Kb.
#94602
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
11- Дәріс: Сәбилік жастағы баланы психологиялық-педагогикалық тексеру
Жоспары:
1. Сәбилік жастағы баланы психологиялық-педагогикалық тексерудің маңызы
2. Дамудағы кемшіліктің түрлері мен себептері
Тірек сөздер: ЕБҚБ балалар, психологиялық-педагогикалық диагностика, сәбилік шақ, психологиялық тексеру, дамудағы кемшілік.

Сәбилік жастағы баланы дамытудағы психодиагносткасы баланың оқу бағытын, оның оқу ерекшклігіндегі қажеттілігін және оқу дәрежесінің мүмкіншілігін анықтауға, оқуда түзету- дамыту бағдарын сілтеуі тиіс.


Басқаша айтқанда, нашар дамудың психология- педагогикалық диагностикасы дифференциалды және болжамалы болып келеді. Диагностикалау процессінде баланы оқытудың қолайлы ұйымдастырушылық формалары мен индивидуалды жоспарлы оқытудың ұсынымдары қарастырылады.
Нашар дамудың диагностикасы заманауи кезеңде жетекші мамандардың (Л.С.Выготский,В.И. Лубовский, С.Д.Забрамная) еңбектерінде көрсетілген принциптер қатарына сүйеніп құрылуы керек. Сәбилік жастағы балалар психика дамуының қай түрін алсақ та, оның шығу тегінің терең ішкі себептері мен механизмін кешенді зерттеу арнайы мамандардың тобымен іске асырылады (дәрігерлер, педагог-дефектологтар, логопед, психолог, қоғамдық педагог).
Баланың тек қана клиникалық және тәжірибелік- психологиялық зерттеуі ғана емес, сонымен қатар, басқа да әдіс- тәсілдер қолданылады: медициналық және педагогикалық құжаттаманы талдау, баланы бақылау, қоғамдық- педагогикалық тексеру, ал ең қиын жағдайларда- нейрофизиологиялық, нейропсихологиялық және басқа да тексерулер қолданылады.
Сәбилік жастағы балалардың психикалық дамуының диагностикасының жүйелік тәсілдемесі психиканың жүйелік құрылымының көрінісіне сүйенеді, және оның әр кезеңінде баланың психикалық әрекетінің нәтижелерін талдауды жорамалдайды. Психология-педагогикалық диагностиканың процессінде жүйелік талдау жеке алынған бұзылуышылықтармен қатар олардың арасындағы байланысты орнатуды қарастырады, анықталған бұзылуышылықтардың иерархиясын анықтайды.
Түзету шараларын ұйымдастыру үшін негіз болып табылатын маңызды жайт- тек келеңсіз жағдайлар емес, сондай-ақ сақталған функциялар мен тұлғаның жағымды қасиеттерін анықтау. Дамуы нашар баланы зерттеудің динамикалық тәсілдемесі даму процессінде болатын өзгерістерді бақылау, баланың жас ерекшеліктерін қамтиды.
Ол зерттеуді ұйымдастыруда, диагностикалық аспаптар таңдауда және зерттеу нәтижелерін талдауда маңызды. Баланың ағымдағы ахуалын, жас ерекшеліктеріне сай жаңа пайда болған элементтерді және оларды уақытылы іске асыруды есепке алу керек. Диагностикалық оқытуды жүзеге асыруда тек сол жас шамасындағы балалар орындай алатын тапсырмаларды ұйымдастыру кезінде жас шамасының факторын да ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет