Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
2.Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
4. Өмірбекова Қ.Қ. Сөйлеу тілін тексеру әдістері. -Алматы, 2002
12-Дәріс. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін диагностикалау
Жоспары:
1. Түйсік пен қабылдаудың сипаттамасы. Анестезия, сенестопия. Иллюзия және галлюцинация
2. Сана бұзылуының критериилері.Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, қарауыту, есеңгіреу,делирий
3. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістері. Дифференциалды – диагностикалық мағыналары
Тірек сөздер: Түйсік, қабылдау, анестезия, сенестопия, иллюзия, сана, ойлау.
Түйсік пен қабылдау қоршаған ортаны танып білуде маңызды роль атқарады. Түйсік-заттар мен құбылыстардың жекеленген қасиеттерінің мида бейнеленуі және танымның алғашқы баспалдағы. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі.Сана– адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Енді потологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық.
Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады.
Түйсік – адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді.
Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды.
Елестету – қабылдауды еске түсіру елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы объективті түрде бар дүниені бейнелейді. Философиялық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айналаны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материя философиялық тұрғыдан тану процессінің үш сатысы бар:
Айналадағы ортаны тікелей тану мендей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы) қорытындылау, абстрактілі ойлау Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын тітіркендіруден басталып, онан әрі ми қыртысындағы анализатор. Орталығы қозуының қортындысы ретінде пайда болады.
Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатысады, шартты рефлекстік байланыстардың мәні зор.
Түйсіктің зақымдануы көптеген себептерге байланысты, патологиялық көріністеріне: Гиперестезия – қалыпты жағдайдағы табиғи бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдауы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап иістер өткір түрде қабылданады.
Гипостезия – гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау.
Анестезия – сезімталдықтың толық жойылуы. Сенестопатиялар– адам денесінің бір бөлігінен білінетінге әртүрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Осындай сезімдерді анықтау қиындыққа соқтырады. Аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер көрсетеді. Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестетушілік жатады. Сағым – айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау.
Қиял жағдайында айналадағы заттар мен құбылыстар өзгерген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адамның жылағаны бір топ ағаш адам сияқты көрінеді. Сағым сау адамдарда болады. Оның пайда болуына қорқуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатқанда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Мұндай сағымдарға аффектер әсер етеді. Сондықтан олар аффектігендік сағымдар деп саналады. Физикалық заңдылықтарға байланысты сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар деп атайды.
Парейдолиялық сағымдар – оның пайда болуына елестету мен фантазия әсер етеді. Қабырғаға жапсырылған түс қағазға қарағанда көз алдымызға таң қаларлық таулар, өзендер елестейді. Бірақ адамның санасында бұл тек түс қағаз екенін түсінеді.
Сананың жеңіл түрде бұзылуы парейдориялық сағымдарды туғызады (жұқпалы аурулар көбінесе балаларда кездеседі.) Вербальді сағымдар – латын верба – сөз кейде аурулар айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға қатысы жоқ айтылған, әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай сағымдар тек психикалық ауру адамдарда болады.
Көңіл-күйдің өзгеруі және бұзылуы басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар сау адамдарға қарағанда көбінесе психикалық ауруларға кездеседі. Мысалы, маскүнемдік, психоз жағдайында қабырғадағы сағат мүйізді шайтан орындықтың қабырғасы адам сияқты болып көрінеді.
Метаморфопсия – заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия – заттардың кішкене және алыста болып көрінуі. Макропсия – заттардың үлкен және жақын болып көрінуі.
Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы , қимыл –қозғалыстары да дөрекі көрінеді . Осыдан кейбір адамдар ұшырып, стресстік жағдайға дейін әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |