14- Дәріс. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің қызметiн ұйымдастыру тәртібi
Жоспары:
1. ПМПК-нің негізгі міндеттері мен балаларды қабылдау және тексеру тәртiбi
2. ПМПК жұмыстарының мазмұны және оны ұйымдастыру
3. ПМПК-ны басқару, құжаттамаларын сақтау және беру тәртiбi
Тірек сөздер: ЕБҚБ балалар, кеңес беру.
Балалар мен жасөспірімдерді кеңес беруге жіберу білім, денсаулық сақтау әлеуметтік қорғау ұйымдарына , қоғамдық ұйымдардың бастамасы, сондай –ақ ата- аналардың мынандай құжаттарды көрсетуі бойынша жүзеге асырылады.
Толық бірінші тексеру оның барысында барынша толық анамнез жинау, баланың жағдайын ПМПК- ның барлық мамандарының бағалауы жүргізілетін болып саналады және нәтижесінде кеңейтілген диагноз қойлады немесе психологиялық- медициналық – педагогикалық тұжырым жасалады. Бірінші тексеру диагноз қою мақсатныда 1-4 қабылдау барысында жүргізілетін болады.
Балада бар патологияның медициналық диагнозының анықтау мақсатында баланы кешендік медициналық- психологиялық педагогикалық тексеру.
Сырқатының ерекшеліктері мен оған қатысты патологиялық тексеру. Айқындалған ерекшеліктері мен ақыл- ой сөйлеу кемістіктеріне негізделген даму бұзылуышылықтарының психологиялық- педагогикалық диагнозын қою. Білімдерінің біліктерінің дағдыларының жасына оқу сатысына сәйкестігін анықтау, оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау. Баланың даму проблемалары бойынша ата- аналарға кеңес беру болып табылады. Балаларды мұқият зерттеу және соңғы диагнозын қою үшін МШБ- да түзеу – диагностикалық сыныптары ашылады. Егерде психологиялық кеңес өзінің барысында психологтың кеңеспен ғана шектеліп қана қоймай, клиентке өз мәселесін шешуге көмектесе отырып, сонымен бірге өз жұмысының нәтижесін бақылай отырып, сол клиентпен нақты жұмыс атқарса, онда бұл жерде»кіру» және «шығу» психодиагностикасын жүзеге асырудың міндеті пайда болады яғни кеңес берудің бастапқы кезінде және клиентпен жүргізілген жұмыстың соңындағы істің мән - жайын ерекше айқындап алу міндеті пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |