Дифференциальдыдиагностика даму бұзылысының түрін анықтауға бағытталған. Дифференциальды диагностиканың қорытындысы бойынша баланы оқыту бағыты анықталады.
Дифференциальды диагностиканың міндеттері:
· Біріншілік және екіншілік кемісткті анықтау яғни бұзлыс құрылымын жүйелі талдау;
· Көру, есту, тірек-қимыл қозғалыс аппараты кемшіліктері бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктерін анықтау;
· Педагогикалық болжамды анықтау және негіздеу. Алынған мәліметтер негізінде білім беру мекемелерінің түрі, оқыту бағдарламасы, түзетушілік-педагогикалық процессті қалай ұйымдастыру керектігі анықталады.
Дифференциальды диагностика педагогикалық-медициналық-психологиялық кеңес (ПМПК) арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда даму бұзылысының дифференциальды дигностикасымен байланысты мәселелер көп. Дамуында әртүрлі бұзылыстар бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бір-біріне ұқсас болып келеді. Мысалы: тіл бұзылысы немесе оқуға үлгермеушілік баралық дамуында бұзылуыы бар балаларда кездеседі. Бұл қазіргі кездегі арнайы психологияның салыстырмалы ғылыми зерттеулерінің жеткіліксіздігімен түсінідіріледі.
Келесі мәселе ПМПК-ның тәжірибелеік жұмысымен байланысты. Бүгінгі таңда ұйымдастырылуға байланст көптеген мәселелер шешілмеген. Олар үнемі жұмыс жасайтын диагностикалық мекемелер жүйесін дамыту, мамандармен қамтамасыз ету, және әдіснамалық, терминологиялық мәселелер. Әдснамалық мәселелерге баланы психодигностикалық тексеруде қорытыныдысын сандық сапалық талдау қажет сенімді және нәтижелі әдістемелерді өңдеу болып табылад. Ал, терминологиялық мәселелерде ең маңыздысы психологиялық-педагогикалық және медициналық терминологияны нақты айқындау.
Дамуында бұзылысы бар балаларды психологиялық-педагогикалық терең тексерудіңмақсаты – диагностиканың қорытындысының негізінде түзету бағдарламасын жасау. Мұндай тексеру уақытты қажет етеді және негізінен білім беру мекемелерінде, кейде кеңес беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл тексерудің міндеті әртүрлі және әртүрлі жас кезеңдеріне арналған.
· Балаланың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
· Оқыту мен дамытуға арналған түзету бағдарламасын дайындау;
· Баланы тәрбиелеу жағдайын және отбасылық қарым-қатынасын анықтау;
· Оқудағы қиыншылықтарға әкеп соқытыратын жағдайларды анықтау және көмек көрсету;
· Жасөспірімдерді кәсіпке бағдарлау және кәсіби кеңес беру.
· Әлеуметтік эмоциональды жағдайдағы мәселелерді шешу
Бұл міндеттерді шешуде психологиялық диагностиканың әдістерін пайдалану (эксперимент, тест, жобалық әдістемелер) өте маңызды.
Даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық диагностикасының негізгі міндеттері:
· Балалардағы даму бұзылысын ерте анықтау;
· Даму бұзылысының сипатын және себебін анықтау;
· Дамуында бұзылуыы бар балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
· Оқыту мен дамытуға арналған бағдарламалар даярдау