8-дәріс Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияны ұйымдастыру және оның жұмысының мазмұны
Жоспар:
3. ПМПК жұмысын ұйымдастыру
4. ПМПК жұмысының мазмұны
Тірек сөздер:медициналық-әлеуметтік көмек
ПМПК құрылымы әкімшілік, кеңес беру-диагностикалық, ғылыми-әдістемелік түзету бөлімдердің тұрады. ПМПК кеңесі дәрігерлерден, арнайы педагог дефектолог, арнайы психолог, тифлопедагог, сурдопедагог және логопедтан тұрады.
ПМПК отырыстарында 0-18 жас аралығындағы дамуында проблемалары бар балаларға диашостика жүргізіледі және оларға кеңес беріледі, оларды оқыту, тәрбиелеу және емдеу, олардың білім алуға медициналық және әлеуметтік көмектер алуға құқықтарын бекіту мәселелері шешіледі.Оларды арнайы мекемелерде мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған психология-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек қажет етеді.
ПМПК психология-медициналық-педагогикалық кеңес жұмысы негізгі мақсаты; балалардың және жасөспірімдердін даму ерекшеліктерін анықтау, диагноз қою, оқыту шарттарын анықтау, тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу болып табылады.
Бұл жұмыстар мамандардың сапаларын, өз саласындағы жоғары білімді қажет етеді. Диагноз қою кезінде дәрігер психологтар, неврапатологтар, дефектологтар, сурдопедагогтар маңызды рөл атқарады, ол баланың интеллектуалды дамудың ерекшеліктерінің деңгейін, ерік жігер сферасының, баланың тұлғасының ерекшеліктері-психолог, педагог-дефектологтар анықтайды және баланың білім деңгейін, дағдыларын, қабілеттерін бағалайды. Сөйлеу тілінің бұзылысын, даму деңгейінің ерекшеліктерін логопед анықтайды. Есту қабілеттерінің деңгейін сурдопедагог анықтайды. Психолог, дефектолог және логопед бала үшін оқытудың адекватты формалары мен шарттарын, оқыту мекемелерінің типін анықтайды.
9- дәріс Тапсырманы орындау барысында оқу қабілетіне баға беру
Жоспар:
1.Л.С. Выготский балалардың ақыл-ой дамуының актуальды деңгейі мен жақын даму аймағы ұғымдары туралы ілімдері
2. Психикалық дамуы тежелген және ақыл-ойы кем балаларға арналған диференциалды диагностика
3. Анықтаушы және оқытушы эксперимент диагностикасын қолдану
Тірек сөздер: Тест, эксперимент әдісі
Л.С. Выготский дәлелдегендей дамуында бұзылысы бар балалар өз онтегенезінде қалыпты балалар сияқты негізгі даму кезеңдерінен өтеді, бірақ өте баяу өтеді.
Сонымен бірге дамудың жақын аймағы мен өзекті аймағы туралы ілімді әзірлеген. Дамудың жақын аймағы баланың ерексертердің басшылығымен, көмегімен шешетін міндеттерінің қиындылығының деңгейі. Мысалы: Біздің алдымызда 2-бала, екеуі де 7-жаста, бірақ біруіне кішкене көмек көрсетсең, тапсырманы 9-жастағы балаға лайық деңгейде орындай алады, ал екіншісі 7-жасқа сәйкес орындайды. Екеуінің акыл-ойының дамуы бірдей ма? Өздерінің іс-әрекеті бойынша бірдей, бірақ дамуына байланысты әр түрлі. Баланың үлкендердің көмегімен ғана тапсырмапы орындай алуы, бірге дамудың жақын аймағын көрсетеді. Бұл дегеніміз осы әдістеменің көмегімен біз қазіргі күнгі даму процесін қарастырамыз, сонымен катар аяқталған айналымын ғана емес ,қазір қалыптасып жатқан процестерді де қарастырамыз.
Ересектердің көмегімен бүгін бала не жасаса, оны ертең өзі жасайтын болады. Осылайша дамудың жақын аймағы ертеңгі күнгі баланың динамикалық даму жағдайын анықтауға көмектеседі. Мысалы 36 көрсетілген 2-баланың жасы бірдей аяқталған айналымы бойынша, бірақ дамудың динамикасы екі түрлі. Осыдан оның 2 деңгейін дамудың актуальды, яғни өзекті деңгейі мен дамудың жақын аймағын анықтадық.
Л.С. Выготский кемтар баланы әлеуметтік тәрбиелеу, оның табиғи бұзылысын әлеуметтік компенсациялау әдісіне негәзделеді. Жеке тұлғаға, педагогикалық ықпал ету жүйесі бұзылыстың ерекшелігіне бағыттауын тиіс.
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды. Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Ресей Білім беру академиясының коррекциялык педагогика институтының қызметкерлері В.В.Воронкованың жетекшілгімен көмекші мектептердегі оқушыларың оқу білімдер деңгейіне сәйкес педагогикалық топтастыруын әзірлеп, енгізілген. Диагностикалау нәтижесінде ақыл-ойы кем балалардың оқытылуының негізгі көрсеткіштері айқындалды:
1. Ойлау кабілетінің жалпылығы, соның ішінде білім мен икемділіктің жаңа жағдайларға байланысты көшірілуі.
2. Ойлау қабілетінің сөйлеу-логикалық және практикалық компоненттерінің байланысымен анықталатын саналылығы.
3. Тапсырманы шешудегі өзінділігі.
4. Оқушылардың көмекті қабылдауы, олардың үлкендер жағынан
берілген көмектің мінезділігі мен көлеміне реакциясы.
Осы көрсеткіштер негізінде оқу материалдарын қабылдау мүмкіншілігіне қарай оқушыларды төрт топқа бөлуді ұсынады.
1 топ. Фронтальді оқу процесінде бағдарлама материалдарын жақсы меңгеретін оқушылар. Барлық тапсырмаларды олар өздігімен орындайды, негізінен жаңа жұмысты орындағанда бар тәжірибесін дұрыс қолдана біледі. Өздерінің іс-қимылдарын сөзбен түсіндіре білуі олардың бағдарлама материалдарын дұрыс кабылдағандарын дәлелдейді. Оларға жалпылықтың кейбір деңгейлері тиімді. Алынған білім мен дағдыларды бұл оқушылар практикасында басқаларға қарағанда табыстырақ қолданады. Салыстырмалы күрделірек тапсырмаларды орындағанда оларға үлкендердің белсендіретін шамалы көмегін қажет етеді.
2 топ. Бағдарламаның негізгі талаптарын қиыншылықпен орындайды. Оқу барысында бұл балалар бірінші топтың оқушыларына қарағанда біршама үлкен қиыншылықтар сезінеді. Олар негізінен мұғалімнің фронтальді түсіндіргенін ұғады, өйткені материалды есте сақтайды, бірақ көмексіз қарапайым жалпылаулар мен қорытындыларды жасай алмайды. Олар жұмыстардың барлық түрлерін өздігінен аз орындайды. Олар мұғалімнің белсендіретін және де ұйымдастырушылық көмегін бірдей қажет етеді. Білімнің жаңа жағдайға көшуінде негізінен қиналмайды. Бірақ оқушылардың жұмыс темпі төмендейді, маңызсыз көмекпен дұрысталынатын қателер жібереді. Өздерінің іс-қимылдарын түсіндіру екінші топтағы балаларда жеткіліксіз нақты, жалпылықтың төменгі деңгейінде ашық бағдарлама ретінде беріледі.
3 топ. Оқушылар жеңілдетілген оқу бағдарламамен оқытылады. Комектің түрлерін қажет етеді (сөздік - логикалық, көрнекілік және құралдық-практикалық). Бұл оқушыларға қайталап айтылған материалдарды жеткіліксіз қабылдауы тән (ережелер, теориялық дәлелдемелер, деректер). Оларға тақырыпта екіншілік және негізгі бөлімдер арасындағы байланыстарды анықтау қиын. Фронтальді сабақта материалды жақсы түсіне алмайды, қосымша тусіндіруді үнемі қажет етеді. Жұмысты өздігінен орындауы төмен, материалды қабылдау темпі екінші топқа карағанда аса төмен.
4 топ. Бұл топтың балалары пэндердің негізгі мағыналылығын қабылдай алмағандықган жеке бағдарламамен оқытылады. Оларға жазылған хаттың негізін түсіну үшін карапайым санауға, оқытуға қажет ен төменгі жүйесі арналады. Бүл балалар жаттыгулардың үлкен санын орындауды. оқытуға қосымша әдістерді енгізуді, жұмыс уақытында бірыңғай бақылау мен бағыт беріп отыруды қажет етеді. Кейбір деңгейде өздігінен қорытынды жасау, өткен тәжірибені қолдануға олардың мүмкіндігі жоқ. Оқушыларға кез-келген тапсырмаларды орындау үшін бірнеше рет нақты түсіндіру керек. Олар өздерінің жұмысындағы қатені көрмейді, байқамайды, әрбір келесі тапсырманы жаңа қалыпта қабылдайды. Білімдері таза механикалық бекітіледі, тез ұмытылады. Бұл топтағы балаларды
Достарыңызбен бөлісу: |