Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
 
2.3 Интернет көздері 
37 
 
https://library.ksu.kz/
-ҚарМУ 
ғылыми кітапханасы
38 
https://webirbis.ksu.kz
электронды 
каталог
39 
https://rep.ksu.kz/-
ҚарМУ 
репозиториі
40 
http://rmebrk.kz/
- Республикалық 
халықаралық 
электронды 
кітапханасы 
41 
https://elibrary.ru–Ғылыми
 
электронды кітапхана 
42 
https://www.scopus.com
 Скопус 
43 
Abai.kz сайты 
44 
bilimkozy.idhost.kz
 
45 
Adebiportal.kz
46 
kitaphana.kz
 
 
8. Лекциялық кешен (лекция тезисі) 
№1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Әдебиеттану ғылымы, оның 
салалары. Әдебиет теориясы – ғылыми пән 


11 
Дәріс тезисі: Әдебиеттанудың библиография, мәтінтану, 
деректану сияқты қосалқы салалары бар да, әдебиеттің тарихы, 
теориясы, сыны тәрізді негізгі салалары бар. Бұлардың ішіндегі 
ең маңыздысы әрі орталығы – әдеби-тарихи фактілерді, олардың 
байланысын зерттеумен айналысатын – әдебиеттің тарихы пәні. 
Ал әдебиет теориясы әдебиет тарихы қол жеткізген нәтижелерді 
қорытумен, көркем шығармашылықтағы жалпы заңдылықтарды 
тексерумен айналысады. Әдебиет тарихына әдебиеттеориясы 
қосалқы мәнге ие. Сонымен қатар әдебиет теориясыгың аса үлкен 
гуманитарлық маңызы да бар. Бұл әдебиет теориясының іргелі 
ғылыми пәндердің қатарына жататынына күман туғызбайды. 
Өйткені теориялық әдебиеттану әдебиеттің өнердің бір түрі 
ретіндегі табиғатын кең ауқымда қорыту үшін қажет. Теориялық 
әдебиеттану 
өнер 
теориясымен, 
тарихи 
үдерістермен, 
эстетикамен, 
мәдениеттанумен, 
философияның 
пәндері 
саналатын антропологиямен, герменевтикамен, семиотикамен де 
тығыз байланысты. Әдебиет теориясының түрлі аспектілері мен 
бөлімдері бұл пәннің аса күрделі екенін айғақтайды. 
Әд.теориясының орталық мәселесі – жалпы поэтика немесе 
теориялық поэтика деп аталады. Бұған көркем шығарманың 
өнердің бір түрі ретіндегі болмысы, құрылымы, қызметі, тарихи 
мәні мен заңдылықтарын қарастыру енеді. 
З.Қабдолов: «Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы 
мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби 
дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән 
ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы 
талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен 
оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен 
көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан 
танып білуге болады» десе, К.Ахметов: «Негізгі мақсаты 
әдебиеттің даму заңдылықтарын, әдеби шығармаларға, әдеби 
үрдіске ортақ сипаттарды айқындау болып табылатын әдебиет 
теориясы әдебиеттің қоғамдық өмірмен байланысын, ашатын 
идеялық, танымдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сипаттарына, 
көркем шығарманың құрылыс-бітімі, мазмұны мен түрі, тіл 
ерекшеліктері, көркемдік әдістер, жанрлар сияқты мәселелерге 
баса назар аударады. Сонымен бірге көркем әдебиеттің 
ерекшеліктерін талдап таныту арқылы оны зерттеудің тәсілдерін, 


12 
негізгі ұстанымдарын да айқындайды»,- дейді. 
Әдебиет теориясы жеке ғылым саласы ретінде бұдан 2500 
жыл бұрын Афина мектептерінде пайда болған грек 
ағартушылығы 
заманынан 
бастау 
алады. 
Платон 
мен 
Аристотельдің адамзат мәдениетінің шығармашылығын ұңіле 
зерттеп, алғашқы теориялық толғамдарды дүниеге әкелді. Бұған 
Эсхил, Софокл, Еврипидтердің жазбаша туындыларының 
Афинада сахнала бастауы түрткі болды. Түркі халықтарынан Әл-
Фарабидің эстетикалық көзқарастары аса маңызды. 
Әдебиет теориясындаталасты тартысты пікірлер мен 
қайшылықты көзқарастар болуы заңды. Теориялық ой-
пікірлердегі таластар әр кезеңнің тарихи-мәдени жағдайлары мен 
әдебиеттанушылардың дүниетанымдық қырларына байланысты. 
Бұл нені көрсетеді? Бұл әдебиеттің барлық дәуіріне жарай беретін 
қатып қалған теорияның болмайтынын көрсетеді. Әдебиет 
теориясы жаңа кезең бастамаларына сәйкес өзіне дейінгі 
теориялық қағидаларды мансұқтап та отырады. Осы уақытқа 
дейін әдебиет теориясының ең негізгі күші сөз өнерін 
бағыттағыштығында 
деп 
келдік. 
Ол 
маркстік-лениндік 
әдіснамамен бірге көкейкестілігін де жоғалтты. Яғни белгілі бір 
бағыттағы, белгілі бір тұрпаттағы шығармашылыққа лобби жасау 
(кеңестік тұста ол социалистік реализм болатын) қисынға келе 
бермейтінін өмірдің өзі дәлелдеп беріп отыр. Бүгінгі әдебиет 
теориясы ырықсыз бағыттаушылықтан іргесін аулақтатып, әр 
алуан концепцияларға жол ашуы тиіс. Бұл бірнеше ғылыми 
мектептердің қалыптасуына, зерттеу әдістемелерінің алуан 
турлілігіне бастары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет