67
қызы”… Ал қазақ әдебиетiндегi Ж.Аймауытовтың “Күнiкейдiң жазығы”,
М.Әуезовтiң “Қараш-қараш оқиғасы”, ”Қилы заман”, Ғ.Мүсiреповтiң
”Кездеспей кеткен бiр бейне”, Ш.Айтматовтың “Жәмила”, ”Құс жолы” атты
шығармалары үздiк үлгiлерi болып табылады
Поэма (грек.
Poiema - туынды) – оқиғаны ӛлеңмен баяндап айтатын,
кейде жыр-толғау түрiнде келетiн кӛлемдi шығарма. Оның алғашқы
нұсқалары – ауыз әдебиетiндегi уақиғалы жырлар болып табылады. Қазақ
әдебиетiнде XIX ғасырдың аяғында кең тараған, кӛбiне шығыстық
сюжеттерге негiзделген дастандардың бiр түрi болып келетiн жанр. Еуропа
және орыс әдебиетiнде дамуы романтизм дәуiрiмен байланысты,
субъективтiк-лирикалық сарын басым келетiн Байрон, Мискевич, Пушкин,
Лермонтов шығармашылығында үлкен орын алады. Ал бiздiң әдебиетте
Абайдың “Ескендiр”, ”Масғұт”, Шәкәрiмнiң ”Ләйлi-Мәжнүн”, ”Қалқаман-
Мамыр”, Ілиястың ”Күйшi”, Мағжанның ”Батыр Баян” атты туындылары
үздiк үлгiлерi болып табылады.
Тарихи жыр – белгiлi бiр тарихи оқиғаларға байланысты туған
эпикалық жыр. Мысалы, алтын орда, ноғайлы дәуiрiндегi “Едiге”, ”Орақ-
Мамай”, ”Мұсахан” т.б.; жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы
жорықтардағы Қабанбай, Бӛгенбай, Олжабай, Ӛтеген, Жәнiбек т.б. батырлар
туралы; ұлт-азаттық, бостандық жолындағы бұқаралық күрес сипатталатын
“Исатай-Махамбет”, ”Хан Кене”, ”Жанқожа батыр”, ”Бекет батыр” т.б.;
сондай-ақ 1916 жылғы патша ӛкiметiне қарсы халық кӛтерiлiсi туралы
”Аманкелдi батыр”, ”Бекболат” секiлдi т.б. дастандар.
Достарыңызбен бөлісу: