°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет1/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016



 
Сыздықбаев Нурғали Арбықтаевич 
ӘДЕБИЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ 



ӘДЕБИЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ 
Лекциялар курсы 
 
Жоғары оқу орындарының филология факультетi,
қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығы бӛлiмi студенттерiне арналған 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құрастырған, алғы сӛзiн жазған - филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент Сыздықбаев Нурғали Артықбаевич 
 
 
Жоғары оқу орындарының қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығы бӛлiмi 
студенттерiне ұсынылып отырған осы оқу құралына әдебиеттану ғылымына 
кiрiспе пәнiнiң оқу бағдарламасы бойынша лекциялар мәтiндерi ендiрiлген. 
Сондай-ақ пәндi оқытудың мақсат-мiндеттерi және студенттердiң бiлiмi мен 
бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар да кӛрсетiлген. 
ISBN
 
ТАШКЕНТ
2016 



АЛҒЫ СӚЗ 
Әдебиеттану ғылымы қазақ топырағында туу, қалыптасу кезеңдерiнен 
ӛтiп, бүгiнде күрделi даму, ӛсу, ӛркендеу үстiнде. Қазақ әдебиетiнiң тарихын 
түгендеу бағытында да, әдебиет сынының даму мәселесiнде де едәуiр 
iлгерiлеулер бар.
Ұлттық әдебиет тарихы мен әдебиет сынына қарағанда, күнi кешеге 
дейiн кенжелеп келген сала – әдебиет теориясы. Солай бола тұра әдебиет 
теориясын соқа тимеген тың деуге болмайды. Белгiлi әдебиет 
зерттеушiлерiнiң қай-қайсысы да ӛздерiнiң әдебиет тарихына, сынына 
байланысты iргелi зерттеулерiнде әдебиеттiң теориясын орағытып ӛтпегенi 
белгiлi, оның бiр мәселесi болмаса, бiр мәселесiн қозғағаны даусыз. 1970 
жылға дейiн жоғары оқу орындарының қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығы 
бӛлiмдерiнде оқитын студенттердiң қолында әдебиет теориясынан ана 
тiлiнде арнайы оқулық болған жоқ. Олар орта мектепке арналған 
Қ.Жұмалиевтiң “Әдебиет теориясы” оқулығын пайдаланып келдi. 1926 жылы 
жарық кӛрген А.Байтұрсыновтың ”Әдебиет танытқыш” атты еңбегi әдебиет 
теориясының мәселелерiн түгел қамтымаға-нымен де, осы саладағы бiрден-
бiр оқулыққа лайық туынды болатын. Алайда ”Әдебиет танытқыш” оның 
авторының барлық шығармаларымен бiрге ұзақ жылдар бойы кеңестiк 
идеологияға жат шығарма ретiнде әдебиетiмiздiң тарихынан аласталып келдi. 
Шындығында, бұл еңбек ”Әдебиет танытқыш” деген атының ӛзi әйгiлеп 
тұрғандай әдебиет әлемiн, кӛркем сӛз табиғатын, оның сырын, мазмұнын, 
ерекшелiктерiн, жанрларын, дүниетаным мен қоғамдағы ролiн қыруар 
мысалдармен дәлелдеп, байсалды ғылыми түрде түсiндiруге арналған 
алғашқы тәжiрибе, тұңғыш зерттеу едi. Ұлттық әдебиеттану ғылымында 
қазiр қолданылып жүрген негiзгi терминдер, категориялар мен ұғымдардың 
қазақша ӛте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым кӛпшiлiгi тұңғыш 
рет осы зерттеуде жасалды. А.Байтұрсынов тiл терминдерiн жасауда қандай 
бiлiмдар болса, әдебиеттану, ӛнертану, фольклортану терминдерiн жасауда 
да сондай кемеңгер, данышпан едi. Бағалы еңбектiң әдебиетiмiздiң 
ақтаңдағына айналған тұсында осы олқылықтардың орнын толтыру 
мақсатында 
жоғарыдағыдай 
қажеттiлiк 
пен 
мүддеден 
академик
З.Қабдоловтың ”Сӛз ӛнерi” (1971 жылғы алғашқы басылымында ”Әдебиет 
теориясының негiздерi”) атты еңбегi жарық кӛрдi. 
Жоғары оқу орындарының студенттерiне, аспиранттарға, тiл мен 
әдебиет мамандарына арналған бұл оқулықта әдебиет теориясының негiздерi 
болып табылатын ӛзектi мәселелер тарихи тұрғыдан жан-жақты 
қарастырылып, бай әрi бағалы деректер негiзiнде нұсқалы, нәзiк әрi терең 
талданып берiлген. 
Әдебиеттану ғылымының соңғы кезеңдегi үлкен бiр жетiстiгi ретiнде 
академик Зәки Ахметовтiң редакциясымен Алматыда ”Ана тiлi” баспасында 
1998 жылы жарық кӛрген ”Әдебиеттану терминде-рiнiң сӛздiгi” атты 
жинақты атауға болады. 



Әдебиетшi мамандарға, студенттер мен аспиранттарға, мектеп 
оқушыларына арналған бұл еңбекте әдебиеттану саласында, әдебиет 
теориясында қолданылатын ең қажеттi ғылыми ұғымдар мен терминдер 
тұңғыш рет жүйелi түрде берiлген. Мұнда ұлттық сӛз ӛнерiмiзге, басқа да 
халықтардың әдебиетiне қатысты, сондай-ақ жалпы әдебиеттану ғылымына 
ортақ ұғым-терминдер мүмкiн-дiгiнше толық қамтылады. Соңғы жылдары 
ұлттық әдеби процеске, қазақ әдебиетiнiң тарихына, қазiргi әдебиеттiң 
күрделi мәселелерiне деген кӛзқарастар бiршама ӛзгерiске ұшырады. Осыған 
сәйкес бұл еңбекте кӛптеген ұғымдар мен терминдер бүгiнгi күннiң таным 
талабына сай жаңаша кӛзқараста талданып түсiндiрiлген. 
“Әдебиеттану ғылымына кiрiспе” деп аталатын осы оқу құралы 
жоғарыда аталған А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш”, Қ.Жұмалиевтiң 
”Әдебиет 
теориясы”, 
З.Қабдоловтың 
”Сӛз 
ӛнерi”, 
З.Ахметовтiң 
редакциясымен жарияланған ”Әдебиеттану терминдерiнiң сӛздiгi” атты 
еңбектердiң және жоғары оқу орындарының филология факультеттерiне 
арналған әдебиеттану ғылымына кiрiспе пәнi бойынша бағдарлама негiзiн-де 
құрастырылды.
Кiтапша осы пән бойынша лекция мәтіндерінен және әдебиеттер 
тiзiмiнен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет