70
мәндi мағыналы, тармақтар саны қатаң сақталатын ӛлең бұл ӛлең түрi
арнаулы ӛлшеммен, әр түрлi тақырыпқа жазылатын сыршыл ӛлең түрi болып
келедi. XIII ғасырда Сицилияда туған, Данте, Петрарка кӛп жазған,
батыс
Европаның басқа елдерiне кең тараған, классикалық үлгiлерiн Шекспир
жасаған.
Арнау – әдеби шығарманың басында берiлетiн, сол шығарманың кiмге
қандай оқиғаға байланысты екенiн кӛрсететiн, кӛбiнесе ӛлең түрiнде келетiн
автор сӛзi. Сондықтан белгiлi бiр адамның бейнесiн мiнез-сипатын суреттеу
мақсатымен жазылатын дербес поэзиялық туынды болып табылады.
Мұнда
автордың ӛз шығармасын белгiлi бiр адамға iзет-құрмет кӛрсетiп, сый ғып
тартатыны туралы айтылады. Кейде арнайы шарықтау, кейде кӛлемдi лиро-
эпикалық шығармаға бет ашар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрiнде де
жазылады.
Элегия (грек
elegeia - аянышты жыр) – кӛбiне тұңғиық ойға шолу,
қамығу, жабығу сарындары басым, жабырқаңқы кӛңiл-күйiн, тiршiлiкке,
тағдырға, табиғатқа мегзей қарайтын лирикалық толғаныс, нәзiк сыршылдық
тән мұңды лириканың бiр түрi. Мысалы, Абайдың “Ауру жүрек
ақырын
соғады жай”, Мағжанның “Алдамшы ӛмiр” атты ӛлеңдерi.
Эпиграмма (грек.
Epigramma - жазу) – жеке адамға арналып айтылатын
сықақ ӛлең. Мысалы,
Қайда Мағжан?
Мағжан мынау
Самолюбив,
Очень ленив, упрямый паренек.
Кӛрсе әйел,
Кӛзi жоқ ол кӛбелек;
Жолдан азып
Закон жазып,
Майқы боп
Ақын Мәкең
Отыр ма екен
Қайқиып;
Ақаң, Ақаң,
Тiлек-батаң аққа жоқ.
”Я, жаппар хақ,
Мен шын нахақ”,-
Де де жат.
Достарыңызбен бөлісу: