°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет56/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Роман-эпопея (дәуiрнама) – “…Бiр роман кемерiнде бiрнеше роман 
иiндесе сыйысады… Алайда әр кiтаптың ӛзiндiк логикалық тынысы бар” 
(Т.Нұртазин); “Эпостың шыңы, оның негiзгi қаһарманы – халық, суреттер 
шындығы – халық басынан ӛткен кезеңдi құбылыстар” (З.Қабдолов).
Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, 
ӛзiнше 
толғайтын 
философияның, 
эстетиканың, 
әдеби 
сынның, 
публицистиканың, кӛркем әдебиеттiң жанры. Оған батыл болжамдар мен 
ӛткiр ұсыныстар, пiкiр жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, 
ойлар тән болып келедi. Сондықтан оны соны пiкiрлерге кӛбiрек мән берiлiп, 
оқырманды ой теңiзiне жүздiретiн, ӛзiнше ойлап-сезiну қажеттiлiгiн 
туғызатын; сыршыл сезiмге, тiл бояуларының айрықша салтанатына, 
әшекейлi композицияға құрылатын, автордың парасат байлығын, жарқын 
тапқыр ойларын кӛрсететiн ӛзгеше бiтiмдi ӛнер туындысы деуге болады. 
Мысалы, Ф.Достоевскийдiң “Жазушы күнделiгi”; Т. Жұртбай. ”Бесiгiңдi 
түзе!”. 
Мемуар, естелiк (франц. сӛзi – еске алу) – жазушының ӛзi кӛрген, 
бiлген уақиғаларын, әр түрлi адамдардың мiнезiн, iс әрекетiн сол кездегi 
алған әсерiн сақтай отырып, сондағы кӛңiл-күй әуенiмен суреттейтiн 
туындысы. Яғни, автордың ӛз кӛзiмен кӛрген, қатысып араласқан уақиғалар 
жағдайындағы ӛмiрбаян, күнделiк, жол жазбалары түрiндегi шығармалар 
болып табылады. Негiзгi ерекшелiгi: деректiлiк, нақтылық, кӛзiмен кӛрген, 
басы-қасында болған, адамның баяндауына тән айғақтық, болған жайды сол 


69 
адамның ӛз түсiнiгi, ӛз пiкiрi тұрғысынан қарап, ӛзiнше бағалауы; кӛркемдiк 
қуаттылығы, ӛмiр танытқыштық қасиетi, ӛмiр құбылыстарын терең талдап, 
қорытындылай бiлуге, жинақтап бейнелеуi. 
Памфлет (ағылшын сӛзi - парақ) – негiзiнен нақтылы құбылыстың, 
саяси топтың жетекшiлерiнiң типтiк ерекшелiктерiн дәл тауып әшкерелейтiн 
қара сӛзбен де келетiн, ӛлең түрiнде де кездесетiн сатиралық шығарма. 
Мұнда заманның саяси-әлеуметтiк тынысы полемикалық сарында, ӛткiр 
сатира, сарказммен айқындала ашылып отырады. Алғашқы белгiлерi XVIII-
XIX ғасырларда Жанкiсi, Махамбет, Шернияз сынды қазақ ақын-
жырауларының поэзиясында кӛрiнiс берген, XX ғасырда С.Дӛнентаев, 
Б.Майлин, Ш.Смаханұлы қалам тартқан кӛп қырлы әдеби-публицистикалық 
жанр. 
Кӛсемсӛз – нақтылы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, философиялық 
мәселелердi кӛтерiп, қоғамдық ойға ықпал етудi мақсат ететiн жанр. Әдебиет 
пен журналистиканың қоғамдағы кӛкейкестi, ӛткiр мәселелерiн қозғайтын, ӛз 
кезеңiнiң ӛзекжарды мәселелерiн арқау ететiн Ұрымтал, елгезек, кезеңдiк 
жанр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет