°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет61/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Трагикомедия – трагедияға да, комедияға да тән сипат-ӛзгеше-лiктер 
кездесетiн драмалық шығарманың түрi. Негiзгi кейiпкердiң ауыр 
трагедиялық жағдайды басынан ӛткiзуiмен бiрге, басқа кейiпкерлердiң оғаш 
мiнездерiмен, надан топастығымен, аңқаулығымен кӛрiнiп, әжуа күлкiмен 
айтылады. Мысалы, А.С.Грибоедовтiң “Ақылдан қайғы” шығармасы. 
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Әдеби тек, жанр, түр деген терминдердiң ұқсастығы мен айырмашылығы 
неде? 
2. 
Эпикалық тектiң түрлерiне сипаттама бер. 
3. 
Лирикалық тектiң ӛзгешелiгi неде? Лирикалық тектiң қандай тарихи және 
тақырыптық түрлерi бар? 
4. 
Драмалық тектiң табиғаты қандай? Оның түрлерiнiң бiр-бiрiнен 
ӛзгешелiгi, айырмашылығы неде? 
X тақырып. ӘДЕБИ ПРОЦЕСС 
1. Ӛнер дамуының қоғамдық ӛмiрмен байланыстылығы. 
2. Әдеби дамудың тарихи сипаты. 
3. Әдеби дамудың заңдылықтары. 
4. Дәстүр және жаңашылдық 
Әдеби процесс – бұл белгiлi бiр дәуiрде, сонымен қатар, ұлттар мен 
елдердiң, аймақтардың, әлемнiң күллi тарихи кезеңдерiнде ӛмiр сүрiп келе 
жатқан әдебиеттiң тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбiр тарихи 
кезеңде әлеуметтiк, идеологиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр 
алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескiнделген 
қарадүрсiн шығармалардан кӛпшiлiкке арналған әдебиет-терге дейiн ӛз 
бойына үсдiксiз сiңiрiп отырады. Мұның қатарына олардың жиi жарық 
кӛретiн жарияланымдар мен басылымдары, әдеби сын, естеліктер, әдеби 
эпистолярлық жанрларда жазылған оқырмандар-дың үн қатысуы да жатады. 
Әдеби процесс терминi ХХ ғасырдың 20-30 жылдары пайда болып, 60-
жылдары кеңiнен қолданыла бастады. 
Әдеби процесс әдебиет тарихын тарихи-әдеби тұрғыдан қарастыру 
барысында маңызды проблеманың бiрiнен саналады. Егер ӛмiрбаяндық 
методтың жақтаушылары классикалық және романтикалық эстетиканың 
iзiнше бiрӛңкей кемеңнерлердiң туындылары мен үздiк үлгiлерiне ғана ден 
қоятын болса, онда ХIХ ғасырдың ІІ-шi жартысындағы ғылыми әдебиеттану 
әдебиеттi зерттеу iсiндегi әсіре талғампаздықтан бой тарта отырып, жазушы 


75 
туындыларының кӛркемдiк деңгейiне, идеологиялық бағыт-бағдарына 
қарамастан, мұны зерттеу пәнi ретiнде қарастырады. 
Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтары-ның 
толығуының тарихы. Әдеби процесс – жеке тұлғалар ӛзiнiң әкелген 
айырықша кӛркемдiк ашылымдарымен, ӛзiне дейiнгi құндылықтармен 
қайшылыққа түсе отырып, оны қозғалысқа келтiре отырып, әдеби процестiң 
құрамына кезеңдiк, жалғастырушы ӛзгертушi қызмет атқарады. 
Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен ӛнерде 
жаңа кӛркемдiк ашылымдар ӛзiне дейiнгi бар кӛркемдiк құндылықтарды жою 
арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсiбiр элементтер келесi дәуiр мен 
кезеңдердегi кӛркемдiк ашылымдарға әр берiп үндесiп отырады (мысалы 
М.Әуезовтiң «Абай жолындағы» фольклор, этнография дәстүрлерi, 
Ш.Айтматов шығармаларындағы мифтiк бастаулар). 
Әдеби процесс эстетика мен әдебиеттанудың, ӛнердiң, теориясы мен 
тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ кӛркемдiк категориясы. Ғаламда 
бәрi ӛзгередi, қозғалысқа түседi. Әдеби процесс – кӛркемдiк дүниенiң 
қозғалысы мен дамуын зерттейтiн методологиялық әдiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет