75
туындыларының кӛркемдiк деңгейiне, идеологиялық бағыт-бағдарына
қарамастан, мұны зерттеу пәнi ретiнде қарастырады.
Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтары-ның
толығуының тарихы. Әдеби процесс – жеке тұлғалар ӛзiнiң әкелген
айырықша кӛркемдiк ашылымдарымен, ӛзiне дейiнгi құндылықтармен
қайшылыққа түсе отырып, оны қозғалысқа келтiре отырып, әдеби процестiң
құрамына кезеңдiк, жалғастырушы ӛзгертушi қызмет атқарады.
Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен ӛнерде
жаңа кӛркемдiк ашылымдар ӛзiне дейiнгi бар кӛркемдiк құндылықтарды жою
арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсiбiр элементтер келесi дәуiр мен
кезеңдердегi кӛркемдiк ашылымдарға әр берiп үндесiп отырады (мысалы
М.Әуезовтiң «Абай жолындағы» фольклор, этнография дәстүрлерi,
Ш.Айтматов шығармаларындағы мифтiк бастаулар).
Әдеби процесс эстетика мен әдебиеттанудың, ӛнердiң, теориясы мен
тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ кӛркемдiк категориясы. Ғаламда
бәрi ӛзгередi, қозғалысқа түседi. Әдеби процесс – кӛркемдiк дүниенiң
қозғалысы мен дамуын зерттейтiн методологиялық әдiс.
Достарыңызбен бөлісу: