°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет65/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
negizderi-2016

Натуральдық” мектеп – қоғам ӛмiрiнiң терең қалтарыс, бұлтарыс-
тарына дейiн зерттеп жазу қажет деп санаған И.В. Гоголь бастаған орыс 
жазушылары реализмнiң бiр кӛрiнiсi ретiнде енгiзген, яғни XIX ғасырдың 40-
50 жылдарында пайда болған әдеби ағым. Н.В.Гоголь (“Ӛлi жандар”), 
Ф.М.Достоевский (“Бейшаралар”), И.С.Тургенев (“Аңшы әңгiмелерi”) 
шығармаларында кӛрiнiс тапқан. Оның басты идеологы В.Белинский болған, 
ӛкiлдерi Ресейдiң XIX ғ-дағы “Отечественные записки”, “Современник” 
журналдары тӛңiрегiне топтасқан. 
Абстракционизм (латын. Abstractio - ауа жайылу) – дүниежүзiлiк сӛз 
ӛнерiнде, әсiресе кескiн ӛнерi мен мүсiн ӛнерiнде XX ғасырдың бас жағында 
пайда болған ағым, бiрыңғай жадағай пiшiндiлiктiң асқынған түрi. Ол ӛнер 
ӛмiрдiң емес, кӛңiлдiң ғана кӛрiнiсi, объективтi емес, субъективтi нәрсе, 
затты емес, дерексiз, нақты емес, мүсiнсiз, сондықтан ойға не келсе, соны 
кескiнсiз кӛрсету керек деп есептейтiн ағым болып табылады. Яғни бұл – 
ӛнердегi мазмұн деген ұғымнан алшақтап, жалаң пiшiндi қуалап кетушiлiк. 


79 
Ӛкiлдерi: Америка жазушылары Стюард Девис, Чарльз Ховард, Крауфорд, 
Ратнер, Моррис. 
Тҥршiлдiк (формализм) – әдебиет пен ӛнердегi кӛркем түрге ерекше, 
шешушi мән беретiн ағым. Ол жазушылардың қоғамдық күрестен, идеялық 
талас тартыстан бойын аулақ ұстап, “таза” кӛркемдiктi уағыздайды. Ол ӛз 
алдына шығарманың құрылысына, сӛздiк кестесiне, ырғақтық жүйесiне, 
дыбыстардың әуездiлiгiне т.б. назар аудару арқылы суреткерлiк шеберлiктi 
шыңдау мақсатын қояды. Сонымен бiрге бұл әдебиеттiң танымдық, тәрбиелiк 
жағына тиiстi назар аудармай, кейде дыбыс қуалау, үйлес сӛздердi тiзбектеу 
секiлдi бiрыңғай пiшiншiлдiкке жол беру немесе шынайы кӛркемдiк 
жаңалық-тың ӛмiр шындығын терең түсiнiп, сезiнуден туатындығын, сондай-
ақ шығарма мазмұнын, оның идеялық байлығын, мазмұн мен түрдiң бiрлiгiн 
ескермейтiн ағым болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет