Јдебиеттіѕ предметі адам яєни адамтану екенін ескерсек јрбір



бет5/5
Дата21.11.2022
өлшемі301,5 Kb.
#51569
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дип.-ТӨЛЕН-ӘБДІКҰЛЫ-ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ-КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қорытынды

Біз көрнекті жазушы Т. Әбдікұлы шығармаларының әртүрлі жақтан қарастырдық. Соның ішінде әңгімелері мен повестерінің көтерген мәселесі мен сол өмірлік шындықты игерудегі жазушы ізденістеріне, шығармашылық жолдарына шолу жасадық. Жазушы творчествасының көп зерттелмегенін жоғарыда айтып өттік. Сонда да болса жазылған сын – пікірлерге сүйене отырып жазушының стильдік ерекшеліктеріне талдадық.


Т. Әбдікұлы - талант. Ол дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Оған шығармаларын талдау барысында көз жеткіздік. Оның қаламынан туған «Оң қол», «Ақиқат», «Әке», «Оралу», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы» т.б.
60 – 70 жылдардағы жазушының көркемдік ізденістері көбіне ой айту, тұжырымдама түюдің түрлі формаларын табуға әкелгенін айттық. Ең әуелі жазушыға тән негізгі қасиет кейіпкер психологиясын ашудағы сәтті ізденістері еді. Ол сомдаған кейіпкерлер шынайылығымен, ұлттық характерлеріне тән мінез – құлықтарымен дарланумен де құнды. Мәселен сол жылдардағы жазушылардың белең алған шығарманың негізгі геройлары комунистер мен олардың заңды мұрагері комсомолдар болуы керек деген партиялық нұсқаулардың күлін көкке ұшырды. Осы тұрғыдан келгенде Т. Әбдікұлының Сейсені мен Сайлауы, Болаты мен Қожабекі т.б, кейіпкерлері бір қап, бір саптан шыққан советтік қоғамның қалпына сиятын жандар еместін.
Жазушының көптеген шығармаларының, әсіресе, бұл қатарда «Оралу», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повестерінің орны ерекше. Шығарма мазмұнының тереңдігін, көтерген әлеуметтік жерін айтпағанда, шығар аяғындағы аяқталмай қалған драмалық түйіндер оқырман қауымды шет қалдырмай өздерімен бірге ойланып – толғануға шақырады.
60 – шы жылдардың ортасында келіп, Т. Әбдікұлының шығармаларын шолып, пікір білдірдік. Жазушы шығармаларын толық талдап, шықтым деп айта алмаймын. Төлен шығармалары әлі талай ғылыми еңбектердің нысанына айналары сөзсіз. Оның творчествасы жыл өткен сайын жаңарып, жасарып келер ұрпақтың сүйсіне оқитын шығармаларына айналары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Г. Піралиева Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы. Алаш 2003.

  2. Б. Ыбырайымов Көркемдік көкжиегі. Алматы. Жазушы 1981.

  3. Г. Піралиева Ізденіс өрнектері. Әдеби сын. Алматы, 2001.

  4. Т. Әбдікұлы Оң қол. Алматы. Атамұра, 2002.

  5. Ж. Дәдебаев Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы. Қазақ университеті, 2002.

  6. Р. Рүстембекова Қазіргі қазақ әңгімелері. Алматы. Жазушы, 1988/

  7. Т. Әбдікұлы Рухани кемелдену – адамның өзіне - өзі үңілуінен, өзінен - өзі күресуінен. Қ. Жиенбай сұхбаты. Қазақ әдебиеті. 18 – ақпан, 2005.

  8. Ә. Кекілбайұлы Адамстанға саяхат. Егемен Қазақста, 4 – қыркүйек, 2002.

  9. К. Сыздықов Ұстаздық ұлағат. Алматы, 2001.

  10. Т. Әбдікұлы Айтылмаған ақиқат. Алматы. Жалын, 1979.

  11. Ш. Айтматов Ғасырдан да ұзақ күн. Алматы. Атамұра, 2005.

  12. М. Байғұт Аспандағы мысықтар. Алматы, 2000.

  13. З. Қабдолов Арна. Алматы. Жазушы, 1988.

  14. С. Қирабаев Уақыт және қаламгер. Алматы. Жазушы, 1975.

  15. Т. Есенбеков Әдеби талдауға кіріспе. Оқу құралы, 1991.

  16. Б. Майтанов Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Алматы. Ғылым, 1982.

  17. С. Асылбекұлы «Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы». Алматы, 1997.

  18. Қ. Құрманғалиев Қоңыр күз күмбірі. Алматы. Санат. 2002.

  19. С. Әшімбаев Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы. Жазушы. 1993.

  20. Б. Даулетбаева «Құпия есіктің құлпын ашқан қаламгер» Қазақ әдебиеті. 12 – қараша. 2002.

  21. С. Қирабаев Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. Жазушы. 1992.

  22. З.Қабдолов Әдебиет теориясының негіздері. Алматы. Мектеп.1970.

  23. З. Қабдолов Сөз өнері. Алматы. 1992.

  24. С. Әшімбаев Талантқа тағзым. Алматы. Жазушы. 1982.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет