Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары



Дата07.12.2022
өлшемі16,88 Kb.
#55595
Байланысты:
Сталиндік қуғын-сүргін




СӨЖ
Тақырыбы: Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары

Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.
1920 жылдардың бірінші жартысында Кеңес өкіметі толық орнатылды. Кейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылып , оның негізгі заңы- кеңестік Конституция қабылданды. Азамат соғысының нәтижесінде қираған халық шаруашылығы қалпына келтірілді. Сол себепті 1920 жылдардың ортасында Кеңестер Одағы социализ орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустрияландыруды, ұжымдастыруды, мәдени рефолюцияны қамтыды.
Индустрияландыру 1925 жылы БКП(Б) ХІV съезі өтіп қабылданды. Оның жалпы мақсаты- жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналу.Индустрияландырудың дамуға үлкен үлестер қосқанымен, кемшіліктеріде аз болмады. Индустрияландыруды жүзеге асыру қаржылық қорын қажет етті, ал ол қаржы ауылшаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды.Кейін ауылшаруашылығының шаруалары үкіметке өнім бас тартқаннан кейін, индустрияландыру біршама уақытқа тоқтаған болатын. Соның әсерінен 1927 жылы БКП(Б) XV съезінде ауылшаруашылығын ұжымдастыру қабылданды.Ұжымдастыру күштеу саясатымен жүріп, оның мақсаты ауылшаруашылығын түгелдей отырықшыландыру болатын. 1928жылы 27 тамызда ОАК және ХКК «ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет қабылдады. Декрет бойынша байлардың мал-мүлкі тәркіленіп, ал оның иесі жер аударуы тиіс болды. Ал 1928жылы 17 тамызда Қаз АКСР-ның ОАК және ХКК «тәркілеуге және жер аударуға қарсылық көрсеткен байлардың қылмыстық жауапкершілігі туралы» қаулы қабылданды.Осыған байланысты Орталық комиссия құрылды. Оны Е.Ерназаров басқарды. 1928-29жылдары 1027 байдың шаруашылығы тәркіленді. 145мың мал басы тартып алынды. Жалпы қуғын сүргінге ұшыраған байлар саны 1034 ке жетті. Ұжымдастыру саясаты қарсанында мал саны 40,5 млн болса, 1933 жылы 1 қаңтарда тек 4,5 млн мал басы қалған. Көшпелі және көшпелі мал шаруашылығын күштеп отырықшыландыру халық үшін үлкен қасіретке әкелді. Себебі егін өнімі күрт төмендеді және үкімет халықтың малынын 80% ын күштеп тартып алғаннан, 1931-1933 жылдары аштыққа әкелді. Одан 2,1 млн адам қырылды. Қазақ зиялылары осы мәселе жөнінде үлкен дабыл көтерді. Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев, Қ.Қуанышевтың қатысуымен 1932 жылы Сталинге жазылған хат Голощекиннің қолына түсіп, олар жаппай қудалана бастады. Жалпы 1929-1931 жылдары шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80мың адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Балқаш, Маңғыстау, Самар және т.б жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардың 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Билікке Голощекиннің келуі үлкен қасірет болатын. Кейін 1933 жылы Голощекин орнынан алынып, оның орнына Л.И.Мирзоян сайланды. Содан бастап жіберілген қателіктерді түзету шаралары жүзеге аса бастады.Шаралар әсерінен 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті.
Голощекин билікке келгенде, қазақ халқының кем дегенде әрбірінде 10-20 қой болуы ол асқан байлық деп түсінді. Ол жоғары жаққа «Қазақстанда ешқандай Қазан революциясы болмаған екен, қазақ даласы толған кулактар» деп хабарлайды. Ол Қазақстанда қайтадан «шағын Қазан революциясын» өткізу иеясын ұсынады.Бұл идеяны Сталин қолдап, кейін жаппай қудалау, жазалау дәуірі басталады. Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж әртүрлі сылтаумен мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов. С.Қожанов, М.Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Атқару Комитетінің Төрағасы Ж.Мыңбаев , ғарту халық комиссары С.Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және т.б қызметінен айырылды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларды «буржуазиялық ұлтшыл» деген жаған айыппен 44 адам, бұрынғы Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатұлы, М.Жұмабаев , Ж.Аймауытов сынды зиялылар қуғын сүргінге ұшырады. Оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Яғни, Сталиндік қуғын сүргін Қазақстан жазалау лагеріне айналды. Жалпы лагерь сипаты Отанына опасыздық жасағандарды қоғамнан аластату мақсаты ретінде құрылды. Қазақстанда негізгі үш лагерь Карлаг, АЛЖИР; Степлаг болатын. Ал олардың басты басқармасы-ГУЛАГ болатын.
Қарлагқа тұтқындалғандар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) құрылды. Онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, Т.Рысқұлов, С.Асфендияров және т.б әйелдері мен балалары қамауға алынған. Алжирде күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т.б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.
Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері, балалары жазықсыз азап шекті.
Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейін бірнеше жылдан кейін сталиндік азаптау мекемесі - ГУЛАГ (Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы) жойылды. Совет одағының түкпір-түкпірінде орналасқан осы лагерлерде миллиондаған адам қамауда отырды. ГУЛАГ тікелей Сталиннің бұйрығымен құрылды. Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. 

Пайдаланылған әдебиеттер:


Омарбеков Т.О Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері
ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар
Койгелдиев М.К Сталинизм и репрессии в Казахстане

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет