4.Зольдердің коагуляциясын және электролитті ұйыту қабілетін анықтаңыз. Электролиттің ұйыту қабілетін есептеңіз. Золь (латынша solutіo – ажырату, ерітінді) – ұсатылған қатты дене бөлшектері, сұйық тамшылары не газ көпіршіктері қандай ортада болмасын біркелкі таралған коллоидтық жүйе. Бөлшектер біріне-бірі жабысып, бірігісіп, ірірек агрегат түзеді, оның ақтық нәтижесі олар ауырлап тұнба болып шөгеді. Осы процесті ұю немесе коагуляция дейді. Коллоид ерітінді ұю үшін оған ұйытқы ретінде электролит қосылады. Коагуляция (ұю) процесін былай сипаттауға болады. Коллоид ерітіндіге электролит қосқанымызда, ерітіндіде иондардың жалпы концентрациясы артады, сондықтан зарядты коллоид бөлшегінің қарсы зарядты ионмен кездесуінің, демек бейтараптануының мүмкіншілігі өседі; зарядсыз бөлшектер жабысып, бірігісіп ірі агрегат түзіп, тұнбаға түседі. Коагуляция нәтижесінде шөгетін тұнбалар әр түрлі болады. Гидрофобты коллоидтар жалбыр-жұлбыр болып немесе ұнтақ түрінде тұнады, олардың кұрамында еріткіш аз болады.
5.Көбіктердің қасиеттері және оларды алу жолдарын көрсетіңіз. Көбіктер – дисперстік фазасы газ, ал дисперстік ортасы сұйық. Қасиеттері: Көбіктердің маңызы зор, олар әр түрлі өндірістерде, тұрмыста: кір жуу, тазалау әдістері, өрт сөндіру, флотация процестерінде кеңінен пайдаланылады. Көбіктердің жаңа қолдану аумақтары: мұнай, газ өндіру, шыңды басу, дәрі – дәрмектердің жаңа түрлерін жасау, экологиялық мақсатта қолдану, құрлыс материалдарын өндіру, биотехнологияда өте таза биополимерлеу мен биобіктік активті заттарды фракциялап алу, яғни көбіктік сепарациялау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі (торттар мен балмұздақ дайындауда белоктық көбіктерді жасайды).
Көбіктерді алу жолдары. Көбікті, кез келген дисперсті жүйе тәрізді, екі түрі жолмен алуға болады: газдың өте майда (микроскопиялық) бөлшектерін біріктіріп үлкейту арқылы (конденсациялық әдісі) немесе оның үлкен бөлшектерін, керісінше, майдалау (дисперсиялау әдісі). Көпіршіктенудің конденсациялық әдісі газ тәрізді заттардың күін сипаттайды: қысым жоғарлағанда немесе температура төмендегенде газдардың сұйықтардағы ерігіштігі артады.