8.Гельдердің құрылысы. Гельдің түзілуіне әсер ететін факторлар туралы талдап, жүзеге асырыңыз. Гельдер деп ішкі құрылымдар түзілуі нәтижесінде коллоидтық қасиетінің жоғалуын айтады. Гельдерді полимерлер ерітінділері мен зольдердің желатиндеуі кезінде немесе ксерогельдердің ісінуі (хегос – грекше – құрғақ) кезінде де алуға болады, мысалы, ұста желімнің пластинкалары, құрғақ желатин, крахмал т.б. ас тағамдары (айран, сыр т.б.) ферменттік үдерістер әсерінен алынатын гельдер. Гельдерде ішкі құрылымдардың түзілу механизмі әлі толық зерттелмеген, бірақ көптеген полимерлер ерітінділері үшін С.М. Липатов ұсынған теорияны қолдануға болады.Бұл теорияға сәйкес коллоидтар гидрофильді (-ОН, -СООН, -NH2, -CO-NH-, –SH т.б.) және гидрофобты (-СН2-, т.б.) бөліктері кездескен мицеллалардың ұзын тізбегінен тұрады. Морт сынғыш гельдер мицеллалардың агрегациясы нәтижесінде түзілетін қатаң және берік қаңқа береді. Мұндай гельдер, негізінен бейорганикалық заттардан – гидрофобты коллоидты бөлшектерден түзілгендер, кепкен кезде эластикалық қасиетін жоғалтады, қатты және морт сынғыш болып, ұнтаққа оңай майдаланады.
Көптеген гельдердің механикалық әсер салдарынан сұйылып, зольге өтуін, сонан соң тыныштықта қайтадан ұюын тиксотропия деп атайды.
Құрамында электролиттері бар гельдер жақсы электр өткізгіштікке ие. Гельдердің бұл қасиеті, мысалы, электрофорезде, гальваникалық тізбектерді құрау үшін қажет.
9.Хлорлы күміс мицелласының құрылымын схема түрінде сызып көрсетіңіз. [АgС1]m · nАg++ (x-y)NO3- → [АgС1]m · nАg+· (x-y)NO3- AgNO3 + KJ = AgJ↓ + KNO3 Стехиометрия бойынша иодты калий артық алынып тұр.
Демек, KJ ↔ K+ + J- Панет-Фаянс ережесі бойынша иодты күміске иодид иондар тартылады да, мицелласының формуласы төмендегі түрде жазылады:
{(AgJ)m· nJ- (n – x)K+}- xK+ Коллоидты ерітінділердің кәдімгі ерітінділерден басты айырмашылығы, онда еріген зат бөлшектерінің ірі болып келуі. Ерітілген зат бөлшектері коллоидты ерітінді құрамында мицелла түрінде ұшырасады.
1.Күміс нитраты артық алынған жағдайдағы бөлшек құрылымы:
{mAgCl · nAg+ · (n – x)NO3- }xNO3- 2.Ас тұзының мөлщері артық алынған жағдайдағы бөлшек құрылымы:
{mAgCl · nCl- ( n – x)Na+ } xNa+ Мұндағы: mAgCl – агрегат деп аталынады. Кейбір оқулықтарда mAgCl ядро деп те аталынады.mAgCl · nAg+ немесе mAgCl · nCl- коллоидты ерітінді өлшегінің ядросын құрайды.