Үлгі : Менің әнші болғым келеді. 4- деңгей. «Менің досым » тақырыбына шағын әңгіме жаздырып , қосымшалы сөздердің астын сыздырту.
3-сынып бойынша. «Түбір мен қосымшаның жазылуы » тақырыбына мынандай деңгейлік тапсырма берілді.
1- деңгей. Көп нүктенің орнына - лар , - лер, -тар , - тер – дар , - дер жалғауының тиістісін қойып , сөздерді көшіріп жаз.
Балалар , өрмекшілер , достар , көбелектер , қыздар , гүлдер.
2- деңгей . Қосымшалы сөздердің түбірін , жұрнағын ,
жалғауын ажыратқызу.
Қосымшалы
Сөздер
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
Оқушылар
оқу
Шы
лар
Әншілер
ән
Ші
лер
Ғарышкерге
ғарыш
Кер
ге
Асханада
ас
Хана
да
3- деңгей . Көп нүктенің орнына негізгі түбірді тауып жаздырту .
Осы сөздерді қатыстырып 3-4 құрап жаздырту.
Қақ –қағу , қағады , қағып.
жағу , жағып ,жағады.
шабу , шауып шабады.
- шөгу , шөгіп , шөгеді.
Үлгі : Асан атасына шөп шабуға көмектесті.
4- деңгей. «Қыс » тақырыбына бір шумақ өлең құрастыру немесе әңгіме жаздырту .
Әрбір тапсырманы кезеңдерге бөліп қарастырдық.
1-кезең. Ұйымдастырушы және үй тапсырмасын тексеру кезең. Жаңа тақырыпты оқушыларға меңгеруге қажетті және оған негіз болатындай өткен тақырыптар бойынша еске түсіруге арналған төмендегі тапсырмаларға балалар үйден дайындалып келеді. Сондықтан оларды жаңа сабақтың алғашқы 2 минутты аралығында пысықтап үлгеруге мүмкіндік туады.
1.Мамандық иелерімен танысу.
Мамандық иелерінің аттарына сұрақ қою.
2.Сөз таптарын атау . Оларға қысқаша тоқталып өту.
Сөз таптары Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
Зат есімдерге берілетін сұрақтар .
Кім ? Кімдер? Не ? Нелер?
2- кезең. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге жетілуші тапсырмаларды орындату. Бөлінген 8 – 10 минут уақыт өткен соң , мұғалім өзі балалармен бірге талқылап келесі 10 – 12 минутта сабақтың негізгі мақсатына жетеді
1.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы зат есіді табу.
2.Зат есімге жалғанған қосымша арқылы заттың біреуге тән екендігін ажырату.
А)Менің қаламым . Біздің қаламымыз.
Сенің қаламың Сендердің қаламдарың.
Сіздің қаламыңыз. Сіздердің қаламдарың. Оның қаламы. Олардың қаламдары.
ә) Сөздерді берілген үлгі бойынша өзгертіп жазу.
Б) Сұрақ қою арқылы тәуелдеулі сөздерді табу.
3. Бекіту, қорытындылау.
А) Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
Ә) Дәптер сөзін тәуелдеу.