Н.Ә. Назарбаев : «Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерту – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», деп көрсетті.
Осыған орайда , филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүсіпбектің «Қазақ тілін меңгерту үшін оның грамматикасын ескеруіміз қажет » деген пікіріне сүйенуіміз қажет . Ал , қазақ тілін терең білім беруде деңгейлеп оқытудағы грамматикалық тапсырмалар мұғалімнің де , оқушының да шығармашылық пен ғылыми ізденуіне жол көрсетеді.
Сол себепті зерттеу жұмысымыздың мәнділігі Ж.А.Қаревтың деңгейлеп оқыту технологиясындағы оқушылардың білім деңгейіне қарай жұмысты ғылыми түрде қалыптастыру қажеттілігіне назар аудару болып табылады[19].
Зерттеудің мақсаты:жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технология әдіс- тәсілдерін соның ішінде «Деңгейлеп оқыту технологиясын» пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу және эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.
Бастауыш мектептің білім мен тәрбие беру ерекшелігіне сай әрбір пәндерінің жаңа сапалық деңгейге көтерілу мүмкіндігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: 1.Деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық әдістемелік негізіне сүйену.
2.Бастауыш мектептің қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып , оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындау жүйесін жасау, шеңберін кеңейту.
3.Білім берудегі педагогикалық инновациялық әдістемеліктерге сүйене отырып , сынақ (тест) , сауалнама және сабақ жоспарының үлгілерін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы :егер деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін бастауыш мектеп пәндерінің ерекшелігіне , мақсатына сай қолдансақ, онда сабақтың жетілуі мүмкіндігі көрініп , яғни оқушының сабаққа қызығушылығы арта түсуі, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылығынан оқушыда психологиялық – педагогикалық жүйе тәрбиеленеді, білім жүйесі күрделенеді , себебі деңгейлеп оқыту бастауыш мектеп пәндерінің деңгейінің жоғары болуына әсерін тигізеді.