бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары;
екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі;
т. с. с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.
Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Осылайша , әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабылеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын мұғалімге тексеріп алып) тақта жанында ілулі тұратын жалпы ведомоста және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомоста (+)- пен белгілеп отырады.
Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылай отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ , оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалатын демеп жіберуге жол беріледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар жиналған ұпайларды есептеумен аяқталады.
Жинаған ұпайларын оқушылар әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады. Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгеймен меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдерін тиісті ұпайларын алады. Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау біз сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар , оқушылардың даму моторингтерінде белгіленеді.
Оқушының даму моторингі, оның жеке басының қабылетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының обьективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі – басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен -өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.
Сонымен , оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайында бағалау процесі арнайы қосу әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесі негізі болып оқушы білімінің ең төменгі деңгейіалынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар «есеп -зачетқа» алынып отырады дедік қой. «Зачеттің» «екілікте» айырмашылығы: осы бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» тапсырмаларын қашан «есепке алғанша» , міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.
Өзін -өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Оқушыда жоғары ұпай жинауда ұмтылушылық пайда болады. Бұл дұрыс орындалған тапсырмалардың саны тікелей тәуелді.
Сонымен :
технологияның принциптері –оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен;
өздігінен оқытудың осындай мақсаттары жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат- жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі-қысқа мерзімді ешқандай бейімдеусіз –ақ олардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас .
Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиясы , яғни «Деңгейлеп оқыту технологиясы » еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.Осылардың ішінде барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтанда жаңа технология бойынша сабақтан бас алмайтындығы байқалған. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ , сөзжұмбақ , ребустар сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешіп , өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде оқушылардың ынтасы артып, сонымен қатар даму мониторингі де күннен –күнге жоғарылай түседі. Демек , мұғалім берген тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру отырып және бағалау деңгейі жоғарылай түседі. Сонымен қатар , тапсырмалар ауқымы да өсіп , шығармашылыққа ұласады.