Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептің оқу –тәрбие үрдісіндегі
қазақ тілі пәні.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептің 3- сыныбындағы өтілетін
қазақ тілі пәні.
Зерттеудің деректі көздері : Педагогтардың , психологтардың таным ,білім жеке тұлғаның шығармашылық әрекеті туралы еңбектері , инновация туралы ғылыми еңбектер, деңгейлеп оқыту технологиясы туралы ғылыми еңбектер , Қазақстан Республикасы Конститутциясынан «Білім туралы заңы » және «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы », «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», озат мұғалімдердің іс тәжірибелері .
Зерттеудің әдістері:бастауыш мектептердегі пәндерде деңгейлеп оқыту технологиясының принциптеріне сүйене отырып әр сабақты жан – жақты жетілдіріп маңыздылығын арттыру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері :
I- кезеңде (2003-2004ж.)зерттеу жұмысының мәселесі бойынша «Бастауыш сынып оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияны қолдану » тақырыбына курстық жұмыс жазылып ,«өте жақсы » деген бағаға қорғалды.
II - кезеңде (2005- 2006 ж) (12.09- 22. 10) зерттеу тақырыбы «Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі мен мазмұндылығын » ашуда қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың практикалық –эксперименттік жұмыстары жасалынды.
III- кезеңде (2005- 2006) (13. 02- 12. 06) жұмыстың даярлығы анықталынып алдын –ала қорғауға жіберіліп отыр.
Зерттеудің жаңалығы:мектептің оқу –тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың инновациялық әдіс –тәсілдерін пайдаланудың негіздемесі жасалынды.
Мектептің оқу тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың әдіс –тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.
Зерттеудің базасы :Тұрар Рысқұлов атындағы №48 қазақ орта мектебі.
I-тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның теориялық негіздері.