1.1.Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның ерекшеліктері.
Еліміздің егемендік алып , қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептің осы күнге дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда . Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді , білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас , өзгеше менталитет пайда болуда. [1].
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен , ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде.
Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша , телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына , азамат , тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде.Есте сақтау , ақыл –ойын дамытатын оқуға көшу;
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушуларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту ,қызығушылығын ояту.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең [2].
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
-практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;
-қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;
-еліміздің материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
-орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.
Ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері , түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |